Қарақамыс – Жарман көлі алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Науырзым ауданы Шолаққопа ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 км жерде, теңіз деңгейінен 226 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 4,3 км2, ұзындығы 3,7 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 9,6 км. Жағалауы ашық, көл айдынында қамыс, құрақ өседі. Жаз айларында кеуіп сорға айналады. Шаруашылыққа жарамсыз.
Санат:Науырзым ауданы көлдері