Ермек Жетпісбайұлы Имантаев (29 наурыз 1967 жыл, Жұрын, Октябрь ауданы, Ақтөбе облысы) — қазақстандық саясаткер, Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі (2002—2004).

Білімі 1992 жылы Мәскеу мемлекеттік қаржы академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы 1992 жылы «Тұран» сақтандыру қоғамы директорының орынбасары;

1992-1994 жылдары «Ақсу» сақтандыру қоғамының бас директоры;

1994 жылы «Ақсу» өңірді әлеуметтік және экономикалық дамыту қорының атқарушы директоры;

1994 жылдан 1995 жылға дейін Ақтөбе облысы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;

1995 жылдан 1996 жылға дейін Ақтөбе облысы әкімінің аппараты басшысы;

1996 жылдан 1998 жылға дейін Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары;

1998 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі;

1998 жылдан 2002 жылға дейін Ақтөбе облыстық салық комитетінің төрағасы;

2002 жылдан 2004 жылға дейін Ақтөбе облысының әкімі;

2004 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадрлық саясат басқармасының, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

2009 жылдан 2010 жылға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі;

2010 жылдан 2019 жылға дейін «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, «Arizona Kazakhstan Development Group» ЖШС компаниясының директоры (Астана), Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік институтының директоры;

2019 жылдан 2021 жылға дейін «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.Имантаев Ермек Жетписбаевич (персональная справка)

Тұтқынға алынуы 2023 жылы 10 ақпанда Ермек Имантаев Ақтөбе қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының қаулысымен ҚР Қылмыстық кодексінің «лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» бабы бойынша қамауға алынды.Арестован экс-аким Актюбинской области Ермек Имантаев Оған «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болған кезінде жер учаскесін заңсыз сатқан деген айып тағылды.Экс-аким Ермек Имантаев в СИЗО объявил сухую голодовку 2023 жылы 10 қазанда Ақтөбе қаласының №2 соты мемлекеттік қызметте болу құқығынан өмір бойына айырумен бірге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.Экс-аким Актюбинской области получил 8 лет лишения свободы

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе облысының әкімдері