Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов (28 қараша 1964 жыл, Шолақтерек, Семиозер ауданы, Қостанай облысы) — қазақстандық саясаткер, Қостанай облысының бұрынғы әкімі (2012—2015).
Білімі 1986 жылы К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын ғалым агроном мамандығы бойынша бітірген.
Мансабы Еңбек жолы 1981 жылы Қостанай облысы Семиозёр ауданындағы Чернышевский атындағы совхоздың жұмысшысы болып бастаған.
1986 - 1988 жылдары Қостанай облысы Семиозёр ауданындағы Чернышевский атындағы совхоздың агрономы, бас агрономы.
1988 - 1991 жылдары Қазақстан ЛКЖО Семиозёр аудандық комитетінің екінші, бірінші хатшысы.
1991 - 1992 жылдары Қазақстан ЛКЖО Семиозёр аудандық комитетінің екінші хатшысы.
1992 - 1995 жылдары Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі.
1995 - 1997 жылдары Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы.
1997 - 1998 жылдары Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің бірінші орынбасары.
1998 - 2000 жылдары Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі.
2000 - 2004 жылдары Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі.
2004 - 2006 жылдары Қостанай қаласының әкімі.
2006 жылдан 2012 жылға дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
2012 жылдан 2015 жылға дейін Қостанай облысының әкімі.
Марапаттары «Құрмет» орденімен (2004 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.) «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.) медальдарымен марапатталған.Нұралы Сәдуақасов Қостанай облысының әкімі қызметіне тағайындалды
Дереккөздер
Санат:Қостанай облысының әкімдері