Георгиос Колеттис — 1896 жылы Афинада өткен Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан грек велошабандозы және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Мансабы Колеттис 10 және 100 шақырымдық жарыстарға қатысты. Ол 100 шақырымдық жарыста Франция өкілі Леон Фламаннан кейін екінші болып келді. Бұл жарысты тек Колеттис пен Фламан ғана аяқтаған. Фламан мәре сызығын кесіп өткен кезде, Колеттис қажетті 300 айналымның 289-ын ғана аяқтаған болатын. Ал 10 шақырымдық жарыста Колеттис отандасы Аристидис Константинидиспен соқтығысып, жарақат алып, жарыстың үштен екі бөлігін еңсергеннен кейін жарысты тоқтатуға мәжбүр болды.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Грек велошабандоздары Санат:Грекия велошабандоздары Санат:Греция велошабандоздары Санат:Веложарыстан Олимпиада жүлдегенрлері