Фредерик Кипинг (, 11 тамыз 1867 жыл, Пеннингтон, Хэмпшир, Ұлыбритания - 21 ақпан 1950 жыл, Лимингтон, Ұлыбритания) — ұлыбританиялық велошабандоз. 1896 жылы Афинада өткен Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Спорт Кипинг 333 метр және 12 сағаттық жарыстарға қатысты. 12 сағаттық жарыста ол мәреге жеткен екі велошабандоздың бірі болды, жалпы 314,664 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Ол жеңімпаз Адольф Шмальдан небәрі бір айналым артта қалды. 333 метрлік жарыста Кипинг тағы екі қатысушымен бірге бесінші орынды бөлісті, уақыт көрсеткіші – 27,0 секунд.

Жеке өмірі Хэмпширге оралғаннан кейін, ол Милфорд-он-Си қаласында велосипед дүкенін ашты, кейінірек Нью-Милтон мен Лимингтонда автогараждар ашты. Ол Лимингтон аудандық кеңесінің және Хэмпшир графтық кеңесінің мүшесі болды.

Ұлы Майкл Кипинг Саутгемптон және Фулхэм клубтарында футбол ойнаған, сондай-ақ Испаниядағы Реал Мадрид клубының бапкері болған.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Британдық велошабандоздар