Юстин Хогма (; 11 маусым 1998 жыл, Энсхеде, Нидерланд) — нидерланд футболшысы және Хераклес клубының қорғаушысы.
Мансабы Клубтық карьерасы Юстин Хогма 2016–2017 маусымында жарқ етіп көзге түсіп, Эредивизиде толық маусымда бір минут та жібермеген ең жас ойыншы атанды – ол Хераклес сапында 34 матчтың бәрін де ойнады.
2017 жылы 13 маусымда Хоффенхайм клубы жас дарынды ойыншыны төрт жылдық келісімшартпен өз қатарына қосқанын жариялады. Келісімшарт құны құпия сақталды.
2019 жылдың қаңтарында Хогма 2018–19 маусымының екінші жартысына Санкт-Паули клубына жалға берілді.
2021 жылы 15 шілдеде Хоффенхайм Хогманың жаңадан Бундеслигаға көтерілген Гройтер Фюрт клубына бір маусымға жалға берілгенін хабарлады.
2022 жылы 24 қаңтарда Хогма өзінің бұрынғы клубы Хераклеске қайта оралды. Ол 2026 жылға дейін келісімшартқа қол қойып, 21-нөмірмен өнер көрсететін болды.
Жеке өмірі Юстин Хогманың әкесі бұрынғы Нидерланд футболшысы Нико-Ян Хогма.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Хераклес ФК ойыншылары