Абдукодир Хусанов (); — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен «Манчестер Сити» клубының қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық карьерасы Өзбекстан құрамасында ойнаған Хикмат Хашимовтың ұлы. "Бунедкор" клубының түлегі. 2022 жылы наурыз айында "Энергетик-БГУ" клубына ауысты.

2023 жылы жазда француздың “Ланс” клубымен келісімшартқа отырды. 2023/24 жылғы маусымда УЕФА Чемпиондар лигасында және УЕФА Еуропа лигасында ойнады.

2025 жылы қаңтарда 40 млн долларға "Манчестер Ситиге" сатылды. Англия футбол чемпионатында өнер көрсеткен тұңғыш өзбекстандық футболшы. Тұңғыш ойынын 25 қаңтарда "Челсиге" қарсы өткізіп, бір тайм өнер көрсетті.

Ұлттық құрамада Өзбекстанның жасөспірімдер құрамаларында ойнады. Қазіргі уақытта Өзбекстан ұлттық құрамасының ойыншысы. 2023 жылы Азия кубогына, 2024 жылы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.

Жетістіктері

Командалық Өзбекстан

Азия чемпионы (20 жас): 2023 Орта Азия Ұлттары кубогы жеңімпазы: 2023

Жеке

"Ланстың" үздік ойыншысы: 2024 «Манчестер Сити» үздік ойыншысы: ақпан 2025

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Өзбекстан футболшылары Санат:Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Энергетик-БМУ ФК ойыншылары Санат:Ланс ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Ташкентте туғандар