Қарақасқа – Қызылқұм құмының солтүстік бөлігіндегі қыстау. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақарық ауылының оңтүстік-шығысында 12 км жерде орналасқан. Жаңадария өзенінің аңғарында. Солтүстігінде егісті жерлер мен Жидебай көлі орналасқан. Жер бедері тегіс жазықты келген. Сортаңды сұр топырақ жамылғысында жусан, жантақ, сарсазан, бұйырғын, т.б. өседі. Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) қыстаулары