Армия генералы () — ЖШҚӘ және КСРО Қарулы Күштерінің Кеңес Әскері қатарындағы жеке әскери атағы.
Алғашында бұл әскери атақтан жоғары Кеңес Одағы маршалы атағы болды, содан соң 1943 жылдан бастап — Әскер түрлерінің бас маршалы тұрды. Бұл атақтан төмен — генерал-полковник атағы орналасты.
Жеке әскери атақ КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының Жарлығымен берілді. Жеке әскери атақ шамамен әскер түрлері мен арнайы жасақ маршалының және авиация маршалының жеке әскери атақтарына сәйкес келді.
Атақтың тарихы «Армия генералы» әскери атағы 1940 жылы 7 мамырда Қызыл Әскерге енгізілген төрт генералдық шеннің ең жоғарысы болды. Ол төңкеріске дейінгі Ресейде болмаған.
Армия генералдарының алғашқылары болып корком Г. К. Жуков, 2-дәрежелі командармдар К. А. Мерецков пен И. В. Тюленев; соғыс басталар алдында оларға генерал-полковниктер И. Р. Апанасенко (Қиыр Шығыс майданының қолбасшысы) мен Д. Г. Павлов (Батыс арнайы әскери округі әскерлерінің қолбасшысы) қосылды.
Екінші Дүниежүзі соғысы кезінде Кеңес Одағы маршалы атағы сияқты, армия генералы атағы да соғыс басталғаннан 1943 жылдың қаңтарына дейін ешкімге берілмеді, бұл әскери атаққа жаңа айырым белгілерді — төрт жұлдызды иық белгілерін А. М. Василевский алды. Кейіннен армия генералы атағы соғыс біткенше тағы 18 қолбасшыға берілді. Екінші Дүниежүзі соғысы кезінде армия генералы атағын алған 10 қолбасшы кейін Кеңес Одағы маршалдары атанды (оның алтауы — соғыс кезінде). Армия генералдарының қатарында соғыста қаза тапқан Н. Ф. Ватутин мен И. Д. Черняховский сияқты атақты қолбасшылар, сондай-ақ Бас штаб басшысы, «Жеңіс» орденінің иегері А. И. Антонов та болды.
Екінші Дүниежүзі соғысы кезінде армия генералдары әдетте майдандарда басшылық етті, Г. К. Жуков қысқа уақыт Батыс стратегиялық бағытының бас қолбасшысы болды. И. Р. Апанасенко мен К. А. Мерецков қысқа мерзімге (тиісінше, Воронеж және Батыс) майдан қолбасшыларының орынбасарлары қызметтерін атқарды, ал К. А. Мерецков, сонымен қатар, Батыс майданның 7-жеке армиясы, 4-жеке армиясы және 33-армиясын басқарды.
Соғыстың соңғы кезеңінде армия генералдары кейбір ерекшеліктерді қоспағанда, майдан қолбасшыларының орынбасарлары лауазымдарын иеленді (1945 жылдың наурызында 1-Украин майданының штаб басшысы болып тағайындалған — И. Е. Петров, сондай-ақ соғысты майдан қолбасшылары ретінде аяқтаған армия генералдары А. И. Еременко мен М. А. Пуркаев — ерекше жағдай ретінде саналады).
Әскери-саяси құрам (1942) және мемлекеттік қауіпсіздіктің арнайы атақтары (1945) жойылған соң олардағы жоғарғы лауазымды тұлғалар генералдық шендер алды. Бірінші болып армия генералы-саяси қызметкер (дәлірек айтсақ, әскери кеңестің мүшесі) 1944 жылы Н. А. Булганин; 1945 жылы шілдеде 1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары В. Н. Меркулов армия генералы атанды.
Екінші Дүниежүзі соғысынан кейін Соғыстан кейін, әсіресе 1970-жылдардың басынан бастап армия генералы атағы көбінесе соғыс кезіндегідей ерекше сіңірген еңбегі үшін емес, белгілі бір лауазымды атқарғаны үшін беріледі. Осылайша, армия генералы атағын беру КСРО Қарулы Күштерінің КА, сондай-ақ КСРО ІІМ және КСРО МҚК-де, егер адамдар әскери қызметкерлер болса: КСРО қорғаныс министрінің орынбасары КСРО Кеңес Армиясы мен Әскери-теңіз күштері Бас саяси басқармасының басшысы Бас барлау басқармасы басшысы — КСРО Қарулы Күштері Бас штабы басшысының орынбасары КСРО МҚК төрағасы (барлық жағдайда емес) КСРО МҚК төрағасының бірінші орынбасары (барлық жағдайда емес) КСРО ішкі істер министрі (барлық жағдайда емес) КСРО МҚК Шекара әскерлері Бас басқармасы басшысы (барлық жағдайда емес) КСРО ІІМ Ішкі әскерлер Бас басқармасы басшысы (барлық жағдайда емес) Әскери округ әскерлері қолбасшысы
1944 жылы 17 қарашада Н. А. Булганин армия генералы (1944 жылдың 29 шілдесінен бастап генерал-полковник) әскери атағын алды. 1947 жылы 3 наурызда КСРО Қарулы Күштері министрі болып тағайындалды (1947 жылдың 5 наурызынан 1950 жылдың 7 сәуіріне дейін КСРО Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметін қоса атқарды), оған дейін бұл қызметті 1941 жылдан бастап тікелей И. В. Сталин атқарып келді. Әскери мекеме жетекшісі қызметіне ешқашан әскер басқармаған азаматтық саясаткер Булганиннің тағайындалуы Сталиннің соғыстан кейінгі кезеңде армияны бақылауды сақтап қалуға және соғыс кезінде танымал болған әскери жетекшілерді күшейтуге жол бермеуге ұмтылуымен байланысты болса керек. 1947 жылғы 7 қарашадағы шерудің алдында қиын жағдай туындады: шеруді Кеңес Одағы маршалы Мерецков басқарып, ал армия генералы Булганин қабылдауы керек еді. Сәйкессіздікті жою үшін Булганинге лезде Кеңес Одағы маршалы атағы берілді.
Сонымен қатар, 1970-жылдардан бастап бұл атақты саяси қызметкерлер мен мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне беру қалыпты жағдайға айналды (бұрын мұндай мысалдар сирек болатын). Жоғарыда аталған себептер бейбіт уақытта бұл атақты алған адамдар санының өсуіне әкеледі: егер 1950-1969 жылдар аралығында тек 39 адам армия генералы атағын алса, 1970-1991 жылдар аралығында олардың саны 64 жетті. 1967 жылдан бері армия генералы атағын бермеген бірде-бір жыл болмады. Армия генералдарының орташа жасы (тағайындау кезінде) аздап өсті - 57 жастан (1950-1960) 59 жасқа дейін (1970-1980).
Жалпы алғанда, «армия генералы» атағы 1940-1991 жылдар аралығында 133 әскери жетекшіге берілді, олардың көпшілігі қолбасшылық қызметтерді атқарды, айтарлықтай бөлігі — де штабтық және тылдағы қызметтерді атқарды. Соның ішінде 31 әскери жетекшіге кейін Кеңес Одағы маршалы атағы, тағы біреуіне - В. Ф. Толубкоға Артиллерия бас маршалы атағы берілді. Армия генералдарының ішіндегі ең жасы 38 жасқа толғанына үш күн қалғанда атақты алған И. Д. Черняховский болды, ал тағайындалған кездегі ең кәрісі 71 жасында атақ алған МҚК төрағасының орынбасары Г. К. Цинев болды. Бұл шенді ең ұзақ иеленген адам И. В. Тюленев, ал ең қысқа уақыт иеленген, 1961 жылы 5 мамырда атағын алып, 17 мамырда қызмет бабында қаза тапқан В. Я. Колпакчи болды. 1943 жылы 16 ақпанда армия генералы атағын алғанына небәрі 29 күннен кейін (1943 жылы 18 қаңтар) А. М. Василевскийге Кеңес Одағы маршалы атағы берілді.
Сәйкес атақтар Әскер, күш түрлері мен арнайы жасақтарда 1943 жылдан бастап армия генералы атағы авиация маршалы, артиллерия маршалы, құрышты танк әскерлері маршалы, инженерлік әскерлер маршалы, байланыс әскерлері маршалы атақтарына сәйкес келеді. 1984 жылы соңғы үш және 1993 жылы алғашқы екі атақ жойылды.
Әскери-теңіз флотында 1940-1945 жылдары және 1962 жылдан бастап флот адмиралы кораблдік атағы тиісті атақ болды; 1945-1962 жылдар аралығында ӘТФ армия генералына сәйкес атақ болмады.
кіші атақ:Генерал-полковник 35pxАрмия генералы қарулы күштеріндегі жоғарғы атақ:Кеңес Одағы маршалы,1943 жылдан бастап Әскер түрлерінің бас маршалы
Айырым белгілері Армия генералының айырым белгілері КСРО қорғаныс халық комиссарының 1940 жылғы 13 шілдедегі № 212 бұйрығымен белгіленді: қызыл ілгектердегі алтын жалатылған бес жұлдыз; жеңдерде қызыл жиекпен көмкерілген үлкен алтын жұлдыз бар және бір бұрышы ені 32 мм алтын оқадан, ал жоғарғы бөлігі ені 10 мм қызыл шұғадан жасалған.
1943 жылдың қаңтарында бұл айырым белгілер жойылып, иық белгілеріндегі айырым белгілер енгізілді — иық белгінің тік өсі бойында 4 жұлдыз орналасты.
1974 жылдан 1997 жылға дейін төрт жұлдызды иық белгілердің орнына армия генералдарына бір жұлдызды иық белгілер (басқа генералдарға қарағанда үлкенірек, бірақ Кеңес Одағының маршалдарына қарағанда кішірек) және жалпыәскери танымбелгі берілді, ал мерекелік киім үлгісіндегі галстукке шағын өлшемді Маршал жұлдызы тағылды. Көрсетілген өзгерістер армия генералдары мен тең дәрежедегі әскер түрлерінің маршалдары арасындағы «теңсіздікті» жоюға арналған және Леонид Брежневке армия генералы атағын берумен тұспа-тұс келуі мүмкін.
+ КСРО-дағы Армия генералы айырым белгілерінің мысалдары: 52px 52px 52px 52px 52px 52pxТүздік нысанды киімінеарналған иық белгісі(1943—1955)Мерекелік нысанды киімінеарналған иық белгісі(1943—1955)… күнделікті(1955—1974)… мерекелік(1955—1974)… күнделікті(1974—1991)… мерекелік(1974—1991)
Армия генералдарының хронологиялық тізімі
№ТАӘИеленген уақытыАтақ беру кезіндегі лауазымыЕскертпе1Георгий Константинович Жуков (1896—1974)4 маусым 1940Киев арнайы әскери округі әскерлерінің қолбасшысы18 қаңтар 1943 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды2Кирилл Афанасьевич Мерецков (1897—1968)4 маусым 1940КСРО қорғаныс халық комиссарының жауынгерлік даярлық және әскери оқу орындары жөніндегі орынбасары26 қазан 1944 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды3Иван Владимирович Тюленев (1892—1978)4 маусым 1940Мәскеу әскери округі әскерлерінің қолбасшысы4Иосиф Родионович Апанасенко (1890—1943)22 ақпан 1941Қиыр Шығыс майданның қолбасшысы5.08.1943 ж. майданда қаза тапты5Дмитрий Григорьевич Павлов (1897—1941)22 ақпан 1941Батыс арнайы әскери округі әскерлерінің қолбасшысықуғын-сүргінге ұшырады, атылды, ақталды6Александр Михайлович Василевский (1895—1977)18 қаңтар 1943ЖШҚӘ Бас штабы басшысы, КСРО қорғаныс халық комиссарының орынбасары16 ақпан 1943 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды7Николай Федорович Ватутин (1901—1944)12 ақпан 1943Оңтүстік-Батыс майданының қолбасшысыжарақаттардан қайтыс болды8Родион Яковлевич Малиновский (1898—1967)28 сәуір 1943Оңтүстік-Батыс майданының қолбасшысы10 қыркүйек 1944 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды9Константин Константинович Рокоссовский (1896—1968)28 сәуір 1943Орталық майданының қолбасшысы29 маусым 1944 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды10Иван Степанович Конев (1897—1973)26 тамыз 1943Дала майданның қолбасшысы20 ақпан 1944 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды11Маркиан Михайлович Попов (1902—1969)26 тамыз 1943, 3 тамыз 1953Брянск майданның қолбасшысы; Таврия әскери округі әскерлерінің қолбасшысы20 сәуір 1944 ж. генерал-полковникке дейін төмендетілді12Алексей Иннокентьевич Антонов (1896—1962)27 тамыз 1943ЖШҚӘ Бас штабы басшысының 1-орынбасары13Андрей Иванович Еременко (1892—1970)27 тамыз 1943Калинин майданның қолбасшысы11 наурыз 1955 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды14Василий Данилович Соколовский (1897—1968)27 тамыз 1943Батыс майданның қолбасшысы3 шілде 1946 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды15Федор Иванович Толбухин (1894—1949)21 қыркүйек 1943Оңтүстік майданның қолбасшысы12 қыркүйек 1944 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды16Иван Ефимович Петров (1896—1958)9 қазан 1943, 26 қазан 1944Солтүстік Кавказ майданның қолбасшысы; 4-Украин майданның қолбасшысы4 ақпан 1944 ж. генерал-полковникке дейін төмендетілді17Андрей Васильевич Хрулев (1892—1962)7 қараша 1943ЖШҚӘ Тыл басшысы18Иван Христофорович Баграмян (1897—1982)17 қараша 19431-Балтық майданның қолбасшысы11 наурыз 1955 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды19Леонид Александрович Говоров (1897—1955)17 қараша 1943Ленинград майданның қолбасшысы18 маусым 1944 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды20Иван Данилович Черняховский (1906—1945)26 маусым 19443-Беларус майданның қолбасшысыЕкінші Дүниежүзі соғысы кезінде алған жарақатынан қайтыс болды21Георгий Федорович Захаров (1897—1957)28 шілде 19442-Беларус майданның қолбасшысы22Иван Иванович Масленников (1900—1954)28 шілде 19443-Балтық майданның қолбасшысы23Максим Алексеевич Пуркаев (1894—1953)26 қазан 1944Қиыр Шығыс майданның қолбасшысы24Николай Александрович Булганин (1895—1975)17 қараша 1944КСРО қорғаныс халық комиссарының орынбасары3 қараша 1947 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды, 26 қараша 1958 ж. генерал-полковникке дейін төмендетілді25Матвей Васильевич Захаров (1898—1972)29 мамыр 19452-Украин майданның қолбасшысы8 мамыр 1959 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды26Всеволод Николаевич Меркулов (1895—1953)9 шілде 1945КСРО мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссары23 желтоқсан 1953 ж. атылды, 31 желтоқсан 1953 ж. атағынан айырылды27Владимир Васильевич Курасов (1897—1973)12 қараша 1948Орталық күштер тобының бас қолбасшысы (Аустрия)28Герман Капитонович Маландин (1894—1961)12 қараша 1948КСРО Қарулы Күштері Бас штабы басшысының орынбасары29Василий Иванович Чуйков (1900—1982)12 қараша 1948Германиядағы Кеңес әскерлері тобы бас қолбасшысының 1-орынбасары11 наурыз 1955 ж. Кеңес Одағы маршалы атанды30Сергей Матвеевич Штеменко (1907—1976)12 қараша 1948, 19 ақпан 1968КСРО Қарулы Күштері Бас штабы басшысы;