Милиция директоры () — 1936-1943 жылдар аралығында КСРО ІІХК милициясының жоғарғы басқарушы құрамның арнайы атағы. Бұл атақ ІІХК МҚББ 2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарына, ЖШҚӘ 2-дәрежелі командармына, ЖШҚФ 2-дәрежелі флот флагманына теңестірілген болатын. Бұл арнайы атақ милиция бас директорынан төмен және милиция инспекторынан жоғары тұрды.
Тарихы Милиция директоры атағы КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1936 жылғы 26 сәуірдегі қаулысымен КСРО ІІХК жұмысшы-шаруа милициясы қолбасшылық құрамы үшін ІІХК 1936 жылғы 5 мамырдағы № 157 бұйрығымен жарияланған.
1943 жылы 9 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының «ІІХК және милиция басшылық құрамның атақтары туралы» Жарлығымен директордың орнына 1-дәрежелі милиция комиссары арнайы атағы енгізілді.
Айырым белгілері КСРО ІІХК 1936 жылғы 15 маусымдағы № 208 бұйрығымен ЖШМ қатардағы қызметкер және басқарушы құрам үшін жаңа ілгектер мен жаңа айырым белгілер енгізілді. Ілгектер параллелограмм түрінде болды. Тігілген ілгектің жиегімен бірге ұзындығы — 10 см, жиегімен бірге ені — 5 см, жиектің ені — 2,5 мм. Ілгектер шинел, гимнастерка, кител немесе шекпеннің жағасына тігілді. Гимнастеркадағы ілгектердің өлшемі 4х9 см болуы мүмкін болды.
КСРО ІІХК 1939 жылғы 16 тамыздағы № 524 бұйрығымен жұмысшы-шаруа милициясының қатардағы қызметкер және басқарушы құрам үшін ЖШҚӘ және мемлекеттік қауіпсіздік органдарында барларға ұқсас жаңа ілгектер мен айырым белгілері енгізілді: ромблармен, тіктөртбұрыштармен («шпалдар»), шаршылармен («кубиктермен») және үшбұрыштармен. Ілгектер қызыл түсті шұғадан жасалған жиектері бар көгілдір түсті болды. Гимнастерканың ілгектері параллелограмм пішінді болды. Тігілген ілгектің жиегімен бірге ұзындығы — 9 см, ілгектің жиегімен бірге ені — 32,5-33 мм, жиектің ені — 2,5 мм. Ілгек гимнастерканың немесе кителдің жағасына тігілді. Шинелдің ілгектері ромб пішінді болды. Тігілген күйіндегі шинел ілгектерінің өлшемі: бұрыштан бұрышқа дейінгі ұзындығы — 10-11 см, бұрыштан бұрышқа дейінгі ені — 8-9 см, жиектелген жағының ұзындығы — 6,5 см, жиектің ені — 2,5 мм.
Атақты иеленгендер Бұл атаққа төрт адам ие болды (барлығына 1936 жылы 11 шілдеде берілді):
Бачинский Николай Станиславович (1894—1937), Украина КСР ІІХК жұмысшы-шаруа милиция басқармасы басшысы. Вуль Леонид Давыдович (1899—1938), Мәскеу облысы ІІХК Мәскеу қ. жұмысшы-шаруа милиция басқармасы басшысы. Маркарьян Сергей Николаевич (1898—1937), КСРО ІІХК жұмысшы-шаруа милиция бас басқармасы басшысының орынбасары. Усов Дмитрий Васильевич (1888—1939), КСРО ІІХК жұмысшы-шаруа милиция бас басқармасы басшысының орынбасары.
Төртеуі де сталиндік қуғын-сүргін кезінде ату жазасына кесілген.
Кіші атақ:Милиция инспекторы30pxІІХК ЖШМББ1936-1943Милиция директоры Жоғарғы атақ:Милиция бас директоры
Дереккөздер Звания и знаки различия милиции в мае 1936 — феврале 1943 г. Список присвоения спецзваний ГУГБ и РКМ 1935-1943 гг.
Санат:КСРО ішкі істер органдарының арнайы атақтары