Джилл Эллен Стейн (; 14 мамыр 1950 жыл, Чикаго, Иллинойс) — америкалық саясаткер және ішкі ауруларға маманданған дәрігер. 2012, 2016 және 2024 жылдары Жасылдар партиясы атынан АҚШ президенттігіне ұсынылған үміткер.
Өмірбаяны Стайн 2002 және 2010 жылдардағы губернаторлық сайлауларда Массачусетс губернаторына кандидат болды. Стайн Массачусетс штатының Лексингтон қаласында тұрады және беделді Гарвард университетінің екі факультетінде білім алған: Гарвард колледжі (1973) мен Гарвард медициналық мектебі (1979).
Джилл Стайн 2012 жылғы президенттік сайлауда лингвист, жазушы және солшыл белсенді Ноам Хомский сияқты адамдардан қолдау алды; Пулитцер сыйлығының лауреаты, журналист және соғыс тілшісі Крис Хеджес; еркін қозғалыс негізін қалаушы Ричард Мэттью Сталлман; марксистік экономист Ричард Вольф; экология белсендісі Джулия Хилл; панк-музыкант және белсенді Джелло Биафра, ал 2016 жылғы сайлауда оны актёр Вигго Мортенсен қолдады. 2012 және 2016 жылғы АҚШ президенттік сайлауында ол сәйкесінше 468 907 (0,4 %) және 1 213 103 (1,0 %) дауыс жинап, төртінші орынға ие болды. «Ромни Қасқыр терісіндегі қасқыр болса, Обама — қой терісіндегі қасқыр» деген сөзі үшін танымал.Михаил Голубовский: Выборы президента: впечатления вблизи и окрест | Журнал "Чайка"
2024 жылғы 17 тамызда Жасылдар партиясының сайлауалды съезінде 2024 жылғы АҚШ президентінің сайлауына кандидат ұсынылды. Оның кандидатурасын 267 делегат қолдады — абсолютті көпшілік. Сайлау нәтижесінде Стайн жалпы дауыстың 0.56% (862 049 дауыс) жинап, жеңілді.
Дереккөздер
Санат:АҚШ президенттігіне үміткерлер (2012) Санат:АҚШ президенттігіне үміткерлер (2016) Санат:АҚШ президенттігіне үміткерлер (2024) Санат:АҚШ медиктері Санат:АҚШ саясаткерлері Санат:АҚШ Жасылдар партиясы мүшелері