Телікөл – Қызылорда облысы Сырдария және Шиелі аудандары жеріндегі көл. Дариялықтақыр жазығы мен Ащыкөл ойысы аралығында, теңіз деңгейінен 128 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Көлдің ауданы 8,0 км2, ұзындығы 2,8 км, ені 1,1 км. Су жинайтын алабының аумағы 81,0 мың км2.
Жағалау сипаты Жағалауы жайпақ және ашық. Батыс жағалауының біраз бөлігін қамыс, құрақ басқан. Түбі тегіс, саз балшықты, тұнбалы. Көл қазаншұңқырын өзімен аттас қоныс қоршап жатыр. Шығысындағы Ащыкөл сазды-батпақты ойысқа және Телікөлге кейбір жылдары Сарысу өзені құяды. Сырдариядан Телікөл (Шиелі-Телікөл) каналы тартылған. Көл жағалауы шабындық және жайылым.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) көлдері Санат:Шиелі ауданы көлдері