нобай|оңға|Эрзянь Мастор газетінің редакторлары Евгений Четвергов пен Григорий Мусалёв

«Эрзянь Мастор» (эрзяшадан: «Эрзя Елі») — эрзятілді және орыстілді газет. Газетті Эрзя тілін құтқару қоры Ресейдегі Мордовияның астанасы Саранскіде басып шығарады.

Тарихы Газет 1994 жылғы 20 қыркүйекте, Мордовияның астанасы Саранскіде негізделді. Оның тұңғыш редакторы Александр Шаронов болды. Оның ізбасары ақын, жазушы, активист Маризь Кемаль болды.

2007 жылғы 23 шілдеде газетке қарсы сот ісі басталды да, ол 2 жылға созылды. Мордовияның бас прокуроры газетке «экстремистік мақала жазады» деген айып таққан болатын. 2009 жылғы 30 маусымда Мордовия аймақтық прокуратурасы «Эрзянь Мастор» жұмысын жалғастыра берсін деген қаулы шығарды.

Тақырыптары Газеттің басты тақырыптарына эрзя тілі мен әдебиетін сақтау, фин-угор халықтарының мәдениетін қолдау, ұлттық саясат, дін мен тарих жатады. Газет оқырмандарының біразы диаспора жерде тұрады және осылайша «Эрзянь Мастор» арқылы ғана Мордовиядағы жаңалықтарды, эрзялардың жағдайы туралы біле алады.

Тиражы «Эрзянь Мастор» айына 2 рет, A3 қағазда 1999 жылғы қаңтардан бері шығып жүр. Оқырмандар саны жыл сайын өзгеріп жатады. Тиражы 6 000-ға дейін жететін.Пресса Мордовии: вековая летопись родного края / [сост.: Ю. А. Мишанин, А. Ф. Столяров]. — Саранск, 2006. —280 с. — К 100-летию периодической печати Мордовии. Соңғы кездері газеттің тиражы азайып барады: 2020 жылы ол 200 данаға дейін жетті.Эрзянь Мастор. - 2020 - 15 октября, С.4. Бұл өзгеріс қаржы мен жеткізу себептерінен орын алады. Газет эрзялар тұратын Ресейдің субъектілеріне даналарын жіберіп тұрады: Мордовия Республикасы Ульяновск облысы Самара облысы Пенза облысы Мәскеу облысы

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша газеттер Санат:1994 жылдан шыға бастаған баспасөз басылымдары Санат:Мордовия газеттері Санат:Эрзя тіліндегі газеттер Санат:Орыс тіліндегі газеттер