Нанғұдай, Янгудай, Нағанай — Жошы ұлысының, яғни Алтын Орданың ең ықпалды аға әмірлерінің бірі. Өзбек ханның тұсында беклербек лауазымын иемденген. Қазақ қоңыраттарының арғы атасы саналады: шежіреде Нағанай атымен жазылған.Нағанай бек және Алтын Орда

Өмірбаяны Нанғұдай шеркестерді басқарды, ал Өзбек ханның кезінде беклербек лауазымына ие болды.» Ол өз дәуірінде Моғұл-Бұға мен Ахмед сынды басқа да беделді әмірлермен бірге Келдібектің хан тағына көтерілуіне бастамашы болған тұлға ретінде айтылады. Орыс шежірелері Нанғұдайдың саяси ықпалының шарықтау шегін 1361 жылмен байланыстырады. Бұл жылы оның атынан Сарай, Азақ және Мохшы қалаларында теңгелер соғылған.

"Искандердің анонимі" атты дерек те осы оқиғаны растап, Келдібектің билікке келуіне бірнеше әмір себепкер болғанын жазады. Онда олар “белгісіз бір адамды таққа отырғызып, оны Жәнібек ханның ұлы деп жариялады” делінген. Орыс шежірелері де Келдібекті “Жәнібек ханның баласымын деген адам” ретінде сипаттап, оның таққа заңсыз отырғанын меңзейді. Осыған сәйкес, Келдібек — өз шын тегін жасырып, өзін хан мұрагері ретінде таныстырған (жалған тақ иеленуші) болған.

Келдібектің билікті күшейту үшін өзіне жол ашқан әмірлерді кейіннен жойғаны мәлім. Деректерге сүйенсек, ол “өз өмірінің қауіпсіздігін әмірлердің өлімімен қамтамасыз еткісі келген”. Осы мақсатпен ол Моғұл-Бұға, Ахмед және Нанғұдай сынды өз жақтастарын өлім жазасына кескен. Нанғұдай — әмір Ілияс ханның әкесі. Сонымен қатар, оның дене бітімі ерекше ірі болғаны соншалық, "Өзбек елдерінде әмір Нанғұдайдың алып тұлғасы аңызға айналған" деген де дерек бар.

Нанғұдайдың 32 ұлы болды, солардың ішінде Ақ Сопы - Сүйін бегім әкесі, Хусейн Сопы мен Жүсіп Сопы - Хорезмнің билеушілері болды.

Шежіресі "Фирдаус әл-Икбал" деректері бойынша шежіресіСабитов Ж.М. К вопросу о происхождении золотоордынских эмиров Нангудая и Кутлук-Тимура // Золотоордынское обозрение. 2025. Т. 13, № 3. С. 563–580.: 1. Ағадай - Наңғұдайдың әкесі. 22 жыл бойы Бұлғар уәләятын басқарған. Орыстар мен шеркестерге қарсы жорықтар ұйымдастырған. 35 жасында Ағадай әкесімен бірге хижраның 713 жылы (1313-14) маңғыт Сонкор мырзаның қолынан қаза болды. 2. Ноғай - Нанғұдайдың атасы, Ноғай ханмен шатаспау керек. 81 не 92 жасында ұлымен бірге қаза тапты. 7 ұлы болды. 3. Мұса гүрген, исламға дейінгі аты Тағай Темір. Хижраның 631/633 жылы (1233-1236) Мұса Гурген әкесінің ұлысын мұрагерлікке алды. Бату хан оны жоғарылатып, Құлағу ханның қызы Тарақай қатынды күйеуге берді. Оларда Ноғай мен Тудаку қатын туды. Тудаку Құлағуұлы Сұлтан Ахмад Тегудерге үйленді. Мұса Гурген хижраның 663 жылы (1264/1265), Берке хан тұсында қайтыс болды. 4. Тыным гүрген. Шыңғыс ханнан нойон атағын (әкесінде болған хан атағының орнына) және иелігіне барлық қоңыраттарды алды. Шыңғыс хан жорықтарының көпшілігінде еріп жүрді. Шыңғыс хан мен Джалал ад-Дин Хорезмшах сұлтан арасындағы күресте Үнді өзенінің жағасында (Синд жақта) Тыным гурген қатты соғысып, сұлтанның өзін жарақаттап, оның ту ұстаушысын өлтірді. Сұлтан жеңіліске ұшырады, бірақ өзенге секіріп қашып кетті. Хан Тыным гүргенге бірнеше марапаттар мен құрмет көрсетіп, оны басқа әмірлерден жоғары мәртебеге көтерді. Ираннан оралғаннан кейін Шыңғыс хан Жошы ханды мен Тыным гүргенді өз тайпасымен бірге Жошы ұлысына жіберді. Жошы Тынымды құрметтеп, оның кеңесінсіз ештеңе істемеді. "Фирдаус әл-Икбал" бойынша, өмірінің соңына қарай Тыным гүрген Ислам қабылдады. 5. Терік-Амал хан. Шыңғыс хан Тоғрыл ханмен соғысқанда, ол Терік Амал хан көмегімен жеңді. Таққа отырғаннан кейін Шыңғыс хан Терік Амал ханнан оған бауырын Тағашар Бахадурды жіберуді өтінді, соны әмір-и лакшар қылды. Терік-Амал хан 35 жыл билік жүргізіп, 618 хижра жылы (1221/1222 басы) өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан оған үйленуге қызын Тумалунды бергенде, Терік Амал хан қыздың келбетін (тас)бақаға салыстырды. 4 ұлы болды: Тыным гүрген, Елші(Алчы) Нойон, Ачай және Түкен болды. деп аталды. 6. Даритай-нойон хан. Есугей баһадүр замандасы болған. 3 ұлы болды: Қая-хан, Терік-Амал хан және Тағашар-нойон. Даритай-нойон хан Қая-ханды Қара-Мурендегі қоңыраттардың билеушісін, Терк-Амал ханды мұрагерін, Тағашар-нойонды әмір-и лашкар қылды. Қая хан Күйік хан тұсында қайтыс болды. 7. Арслан хан. 10 ұлы болды: шамасы, Дай-шешен (Бөртенің әкесі) мен Даритай-нойонның әкесі шығып тұр. Қабыл ханның Окин-Бархаг ұлының өлімі үшін Цзинь әулетінен кек алды. Қытайдың Ханбалық(Бейжің?) деген жерін тонап, Алтын ханның Тоқ Шыңсаң деген әмірді өлтірді. 8. Мөңге хан. 7 ұлы болды: Пашан, Сеңгі, Жамуха, Байсун, Арслан, Құбдай, Сүйінші. Қоңырат руларының көпшілігі солардың ұрпақтары. Мөңге Арсланнан үлкен төрт ұлын 20 000 қоңырат отбасымен бірге Байкөлдің Қара-Мурен өзенінің жағасына жіберді; олар жерді иемденіп, сонда қоныстанды. 9. Жайылған хан. Шыңғыс ханның бабасы Тумбинай шешен замандасы болған. Ол Салжыдай ұрпағы Қарауыл ханға қарсы шығып өлтірді. Осыдан кейін ол барлық қоңыраттардың ханы болды. Оның Аружа қатын деген қызы болған, оны Шыңғыс ханның арғы атасы Қабыл ханға үйлендірді. Қарақалпақ ауыз әдебиеті бойынша Жайылхан қоңыраттардың атасы болып саналады. Жайылғанға дейін Салжыдай-Бұрқай-Ұранжы-Кескүн-Тимадж-Қарауыл болып биледі. 10. Ағанай 11. Сынтай Темір 12. Каучин 13. Қадан хан. Соғыстан соң Салжыдай Қадан ханды түрмеге салып, қоңырат билеушісі тағайынданды. Қадан хан түрмеде қайтыс болды. 14. Қалжыдай хан, шамамен 10 ғасырда өмір сүрген. Әділді мен білімді болған. Өлерде ұлысын Салжыдай інісіне мен Қадан хан ұлына бөлген, алайда Салжыдай Қадан ханға қарсы шықты.

Дереккөздер

Санат:Алтын Орда билері Санат:Қазақ руларының арғы бабалары