Ойыс – құрлықтың мұхит деңгейінен төмен жатқан бөлігі, барлық жағынан тұйықталған, ортасына қарай шұңғыма.Қазақ энциклопедиясы 7- том Ойыс тектоникалық, карстық, эрозиялық болып бөлінеді. Кейде Ойыс термині "қазаншұңқыр", "депрессия", "тектоникалық", "майысу" терминдерінің синонимі ретінде колданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002. Мұхит түбіндегі тар әрі терең Ойыс терең сулы шоңғалдар деп аталады. Тектоникалық ойыс – тектоникалық қозғалыстар әсерінен; карстық ойыс – карст облыстарында ойылып түсу нәтижесінде; эрозиялық ойыс – өзен эрозиясының әрекетінен пайда болады. Құрлықтағы ең терең ойыс – Турфан ойысы (–154 м, Қытай). Мұхит түбіндегі ойыс – шұңғыма деп аталады. Ең терең мұхит ойысы – Мариана шұңғымасы (–11022 м). Қазақстанда Қарақия (–132 м), Қауынды (–57 м), Қарынжарық (–52 м), т.б. ойыстар бар.

Ішкі сілтемелер Mұхит Тектоникалық ойыс Шұңғыма

Сыртқы сілтемелер Мариана шұңғымасы

Дереккөздер

Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы Санат:География Санат:Жер бедері