«Ньюкасл Вест Энд» (;) — 19 ғасырдың соңында Солтүстік Лига мен Англия Кубогында қысқа уақыт ойнаған Англияның Ньюкасл-апон-Тайн қаласында орналасқан футбол клубы болды. Өз алаңындағы ойындарын Сент-Джеймс Парк аренасында өткізді.
Бұл клуб ең алдымен сол кезеңде Ньюкаслда болған екі футбол командасының бірі ретінде белгілі. Ньюкасл Вест Энд қаржылық қиындықтарға тап болып, құрылғаннан кейін 10 жыл өткен соң тарады. Ньюкасл Юнайтед клубы 1995–96 маусымында және 2024–25 маусымында Ньюкасл Вест Энд клубының жейдесін өзінің қонақтық формасы ретінде қолданды.
Тарихы Клуб 1882 жылдың тамызында жергілікті West End крикет клубы футбол бөлімшесін құру туралы шешім қабылдағаннан кейін құрылды. Бастапқыда клуб Town Moor крикет алаңында ойнаған еді, алайда біраз уақыттан кейін олар 1885 жылы Great North Road маңындағы арнайы футбол алаңына көшті. Бар болғаны бір жылдан кейін, 1886 жылдың мамырында клуб қайта көшіп, Сент-Джеймс Парк алаңына қоныстанды.
Футбол Лигасы құрылғанына қарамастан, клуб оған мүше болуға өтініш бермей, оның орнына 1889–90 маусымында Солтүстік Лиганың негізін қалаушылардың бірі болды. Белгілі тұлға Том Уотсонның басшылығымен клуб алғашқы маусымында-ақ чемпиондыққа жақын келіп, гол айырмашылығы бойынша Darlington St. Augustine's клубынан қалып, екінші орынды иеленді.
Осы маусымда клуб Англия Кубогына да қатысып, бірінші айналымға дейін жетіп, Гримсби Таун командасына аз ғана айырмашылықпен есе жіберді. Алайда келесі екі маусымда клубтың ойын сапасы айтарлықтай төмендеп, тоғыз команданың ішінде сәйкесінше жетінші және сегізінші орындарды иеленді. Том Уотсонның қаладағы басты қарсылас — Ньюкасл Ист Энд клубына кетуі клубтың әлсіреуінің басты себептерінің бірі саналады. Ақырында бұл қаржылық қиындықтарға ұласып, 1892 жылы клубтың тарауына алып келді.
Жетістіктері
Дереккөздер
Санат:Англия футбол клубтары