«Фантастикалық төрттік: Алғашқы қадамдар» () — бұл аттас Marvel Comics комикстер тобына негізделген америкалық суперқаһарман фильмі. Ол Marvel Cinematic Universe (MCU) медиафраншизасындағы 37-ші фильм және Фантастикалық төрттік фильмдер сериясының екінші қайта жүктелуі болады. Мэтт Шекман фильмді Джефф Каплан, Ян Спрингер, Джош Фридман, Кэмерон Сквайрс, Эрик Пирсон және Питер Кэмеронның сценарийі бойынша түсіреді.

«Фантастикалық төрттік: Алғашқы қадамдар» комикс фильмінің АҚШ-тағы премьерасы 2025 жылдың 25 шілдесінде өтеді. Фильм MCU алтыншы фазасының бірінші жобасы болады.

Синопсис 1960 жылдардың параллель ретро-футуристік Жерінде Фантастикалық төрттік өз әлемін ғаламшарды тұтынатын ғарыштық алып Галактус және оның жаршысы Күміс серферден қорғауы керек.

Басты рөлде Педро Паскаль — Рид Ричардс / Мистер Фантастик Ванесса Кирби — Сьюзан Шторм / Көрінбейтін әйел Джозеф Куинн — Джонни Шторм / Факел-адам Эбон Мосс-Бакрак — Бен Гримм / Существо

Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:АҚШ атыс-шабыс фильмдері