Удин тілі (Udinian language) — иберий-кавказ тілдер отбасының нах-дағыстан тармағының лезгин ішкі тобына кіреді. Тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады, эргативті және номинативті құрылыстарының үйлесімімен сипатталады.
Референтті халық Референтті халық: удиндер; өз атауы – уди, ути.
Географиялық таралуы Удиндердің бастапқы тұрғылықты жері Әзербайжанның солтүстігінде, сондай-ақ Грузияның бір ауылында (1920 жылдан бастап) орналасқан. Ресейде негізінен оңтүстік облыстар (Ростов облысы, Краснодар өлкесі, Ставрополь өлкесі, Волгоград облысы), сондай-ақ Иваново облысы, Мәскеу облысы, Саратов облысы, Свердлов облысы және т.б.
Этникалық топтың саны 8-10 мың адам деп бағаланады, тілін білетіндер шамамен 8 мыңдай. Ресейде 4 мыңға жуық удиндер тұрады.
Диалектісі Удин тілі екі диалектіге бөлінеді: нидж және варташен-октомбери.
Жазуы 1930 жылдары латын негізіндегі уди жазуын жасауға әрекет жасалды. Алайда көп ұзамай бұл әліпбиді қолдану тоқтатылды. 1974 жылы кириллицаға негізделген уди әліпбиін В.Л.Гукасян құрастырды.
1990 жылдардың ортасында Әзербайжанда латын графикасына негізделген жаңа уди әліпбиі жасалды. A aB bC cÇ çD dE eƏ əF fG gĞ ğH hX xI ıİ iҜ ҝJ jK kQ qL lM mN nO oÖ öP pR rS sŞ şT tU uÜ üV vY yZ zЦ цЦı цıEъ eъTı tıƏъ əъKъ kъPı pıXъ xъŞı şıÖъ öъÇı çıÇъ çъĆ ćJı jıZı zıUъ uъOъ oъİъ iъDz dz
2013 жылы Ресейде Гукасян сөздігінен алфавиттің өзгертілген нұсқасы болып табылатын кириллица негізіндегі Уди әліпбиі кітабы жарық көрді.
А аАь аьАъ аъБ бВ вГ гГъ гъГь гьД дДз дзДж джДжъ джъЕ еЖ жЖъ жъЗ зИ иИъ иъЙ йК кК' к'Къ къЛ лМ мН нО оОь оьОъ оъП пП' п'Р рС сТ тТ' т'У уУь уьУъ уъФ фХ хХъ хъЦ цЦ' ц'Ч чЧъ чъЧ' ч'Ч’ъ ч’ъШ шШъ шъЫ ыЭ эЭъ эъЮ юЯ я
Дереккөздер
Санат:Ресей тілдері Санат:Әзербайжан тілдері