Зеугиттер (көне грекше: ζευγῖται, латынша транскрипциясы: zeugitai) — пентакосиомедимндер мен салт аттылардан кейінгі үшінші және ең көп санды азаматтар тобы, олар жылына кем дегенде 200 медимн сұйық немесе құрғақ өнім (немесе соған тең мүлік) өндіре алатын мүлік иелері.Thorley, John. Athenian Democracy Lancaster Pamphlets in Ancient History. Routledge. p. 14. ISBN 978-1-13-479335-8. Бұл ұғым грек тіліндегі «жұп» немесе «жұпталған өгіз» деген сөзден шыққан, сол себепті қазіргі зерттеушілер зеугиттер — бір жүп өгіз ұстауға мүмкіндігі бар адамдар немесе фалангада қатар тұрып соғысуға (яғни гоплит қару-жарағын сатып алуға) шамасы жеткендер деген қорытындыға келеді.Whitehead, David. The Classical Quarterly. 31 (2), pp. 282–283.Thorley, John. Athenian Democracy Lancaster Pamphlets in Ancient History. Routledge. p. 14. ISBN 978-1-13-479335-8.

Зеугиттер Афина әскерінде гоплит ретінде қызмет ете алатын. Негізгі ұстаным: кімде-кім өзіне гоплит қаруын сатып алуға шамасы жетсе (яғни жылына 200 медимн немесе одан көп өнім өндіре алса), сол адам гоплит ретінде қызмет ете алады. Солон реформалары кезінде зеугиттерге кейбір ұсақ саяси лауазымдарды атқаруға құқық берілген.Fine, John V. A. (1983). The Ancient Greeks: A critical history. Cambridge, MA (US): Belknap Press of Harvard University Press. ISBN 0-674-03314-0, p. 209.

Уақыт өте келе олардың мәртебесі өсе түсті — олар Афинадағы келесі мемлекеттік құрылымдарға қатысуға құқылы болған: 400-дік Кеңес Мемлекеттің төменгі лауазымдары Экклесия (Халық жиналысы) Эфиальт бастаған Ареопагтағы ақсүйектер үстемдігін жою реформаларының нәтижесінде, б.з.д. 457/6 жылы олар архонт сияқты жоғары мемлекеттік лауазымдарды атқаруға құқылы болды,Renshaw, James (2008). In search of the Greeks. London: Bristol Classical Press; A & C Black. ISBN 978-1-85399-699-3, p. 147.Jochen Bleicken: Die athenische Demokratie (= UTB 1330). 4., völlig überarbeitete und wesentlich erweiterte Auflage. Schöningh, Paderborn u. a. 1995, ISBN 3-8252-1330-7, S. 285. ал б.з.д. V ғасырдың соңына қарай, орташа бағыттағы олигархтар гоплит дәрежесіндегі немесе одан жоғары әлеуметтік топтарға саяси құқық беретін олигархиялық құрылым орнатуды жақтады. Мұндай басқару жүйесі б.з.д. 411 жылғы Афинадағы төңкеріс кезінде уақытша енгізілді.Kagan, Donald (2003). The Peloponnesian War. New York: Viking. ISBN 0-670-03211-5, pp. 398−399.

Аристотельдің "Афиналық полития" атты еңбегінің үшінші тарауына сәйкес, зеугиттер Драконт дәуірінде-ақ өмір сүрген, олардың Кеңес пен Халық жиналысына қатысу құқығы болған, ал жиналысқа келмеген жағдайда бір драхма айыппұл төлеген. Алайда, осы деректің келтірілген контексті тарихи сенімділігі жағынан күмән тудырады.Зевгиты Энциклопедия мифологии - godsbay.ru

Дереккөздер

Санат:Солон реформалары Санат:Ежелгі Афина