Ешкілі өзенінің бөгетке дейінгі арнасы|нобай|оңға Ешкілісай өзені, Ешкілі өзені — Қопа алабындағы өзен. Жамбыл облысы, Қордай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 36 шақырым. Су алабының ауданы 64,4 км²

Сипаттамасы

Географиясы Жағасында ешкілер көп жайылатын болғандықтан солай аталған.

Жетіжол жотасының солтүстік батысынан басталып, Қопа жазығына сіңіп кетеді. Бастауының биіктігі теңіз деңгейінен 1731 метр. Қопа өзеніне дейін жететін жыралар арқылы жауын-шашын мол жылдары Қопаға құяды. Ешкілі шатқалымен солтүстік батысқа қарай бағыт алады. Қордайсай өзені қосылған соң солтүстікке бұрылады. Алматы - Тараз тас жолына жақын жерде кішірек бөгет орналасқан.

Жоғарғы ағысында арнасы тар, құлап ағады. Жазыққа шыққан соң арнасы аздап кеңейіп, жайылып ағады. Суы мал шаруашылығына пайдаланылады. Жағасында Белашов, Кенен ауылдары бар. Сондай-ақ Темір дәуірінен қалған обалар тобын табуға боладыЖамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы.

Салалары Ешкілі өзенінің 10-нан аса саласы бар, көбінің атауы белгісіз. Ең ірілері Сымтас пен Қордайсай.

Сымтас — Сымтас шатқалынан бастау алып, оңтүстікке қарай ағады. Ұзындығы 11 шақырым. Үш саласы бар. Жауын-шашыннан және жер асты суларынан қоректенеді.

Қордайсай — Ешкілі шатқалының батысындағы жоталардан бастау алады. Ұзындығы 18 шақырым. Ірілі-ұсақты 5-6 саласы бар. Жауын-шашын және жер асты қайнарларымен толығады.

Дереккөздер

Әдебиет КСРО су ресурстары. 13 том. Орталық және Оңтүстік Қазақстан. 2 шығарылым. Орталық Қазақстан. Балқаш өзені алабы. / ред. Л. А. Гапонов, К. Н. Шадских. — Л.: Гидрометеоиздат, 1967. — 168

Санат:Қордай ауданы өзендері