Жаманты — Қопа алабындағы өзен, Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 27 шақырым. Су жиналатын алабы 164 км².
Сипаттамасы Жетіжол жотасындағы Балажансаз шатқалынан бастау алып, Арқарлы ауылының түстігінде сіңіп кетедіТопографиялық карта: 1 см - 2 км.
Қар-жаңбыр суымен және жер асты қайнарларымен толығады. Бастауынан соң солтүстік шығысқа бағыт алады. Орта ағысында түстікке қарай бұрылады. Тау қойнауынан шыққан соң бірнеше тармақтарға бөлініп кетеді. Жауын-шашын өте мол жылдары ескі арналармен Жанжігіт өзеніне дейін жетеді. Бірақ мұндай тасулар өте сирек болады. Арқарлы ауылын қамтамасыз ететін бірден-бір су көзі саналады. Өзеннің суымен егін суарылады, мал суарылады.
Ірілі-ұсақты бірнеше салалары бар, үлкендері: Желдісаз, Балажан (ұзындығы 11 шақырым).
Ерте заманда сай ішімен көшкен ел қалың талдың жол бермей, бөгет жасағанына байланысты «Жаман тал» деп атап кетіпті. Жаман тал сөзі кейіннен өзгеріске ұшырап «Жаманты» атауы пайда болған екен.
Өзеннің жоғары ағысында "Арасан-Қорасан" атты минералды су бұлақтары бар"Арасан-Қорасан" туралы не білеміз? "Ана тілі" газеті. Кейде оны "Қайнар арасан" деп те атайды.
Тағы қараңыз
Жаманты минералды суы
Дереккөздер
Әдебиет КСРО су ресурстары. 13 том. Орталық және Оңтүстік Қазақстан. 2 шығарылым. Орталық Қазақстан. Балқаш өзені алабы. / ред. Л. А. Гапонов, К. Н. Шадских. — Л.: Гидрометеоиздат, 1967. — 303
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері