thumb|right|250px|Қараоба қорымдары кешені (солтүстік-шығыстан жалпы көрінісі). Қараоба қорымдары кешені – қола дәуірі және ерте темір ғасыры обалары мен кесенелері кешені, Абай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері Бесқарағай ауданы, Кривинка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде, Кривинка-Жетіжар тас жолы бойында орналасқан.
Зерттелуі Кешен б.з.д. XIV-XV ғасырлардан кейінгі қола дәуірінің қам кірпіштерінен тұрғызылған кесенелері мен оңтүстік-шығыста орналасқан ерте темір дәуірінің қорымынан тұрады. Кривинск-семиярск археологиялық мөлтек ауданына жататын, құрамына әртүрлі дәуірдің ондаған нысандары шоғырланған бұл кешен Ертістің оң жағалауы бойында 50 км қашықтыққа созыла орналасқан. Кешенді өткен ғасырдың соңынан бастап Павлодар археологиялық экспедициясы және С.М. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы (В.К. Мерц) зерттеген.
Кешен құрылыстары Көлемі 70 га жерді алып жатқан қала үлгісіндегі бұл қоныс бірнеше жүздеген құрылыстардан тұрады. Қараоба қорымында зерттелген жерлеу құрылыстарының бірегейлігі, оның ұлттық және әлемдік мәдениет үшін аса құнды маңыздылығы қасиетті нысан ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Төбешіктер мен кесенелер Қола дәуіріне жататын құрылыстардың бірінші тобы мейлінше жоғары қызығушылық туғызады. Ол – жердің бетіне кірпіштен салынған төрт құрылыс, сонымен қатар оба тәріздес төбешік пен айналасында күйдірілген кірпіштердің қалдығы жатқан басты кесенеден тұрады. Осы кешеннен шикі және күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған көлемі 5,5х5,5 м болатын төртбұрышты екі циста түріндегі сағана толық зерттелген. Сағана 1,2 м тереңдіктегі көлемі 40×20×8-11 см тастардан қаланған тұғырдың үстіне салынған. Солардың біреуінің іші мен едені екі қатар етіп шикі кірпіштермен қаланған. Олар жерлеу салтын жасау барысында жағылған оттың салдарынан күйген.
Табылған заттар Қазба жұмыстары барысында Қазақстан мен Батыс Сібірдің кейінгі қола дәуірінің сарғары, беғазы, елов пен ирмень түрлеріне жататын қолдан жапсырылып және шарықта жасалынған керамикалық ыдыстардың көп мөлшері алынған. Қола бұйымдар жиынтығы, шыны мен тастан жасалған әшекей бұйымдар бар. Осы ескерткіштің аналогтары Оңтүстік Арал өңірінің Солтүстік және Оңтүстік Түгіскен қорымдарынан ғана белгілі. Сондықтан да солтүстік-шығыс пен Шығыс Қазақстан үшін осы кешен бірегей болып табылады.
Ескерткіш беғазы-дәндібай мен сақ ақсүйектерінің қорымына жатады. Олардың бір кешен аумағында бірге орналасуы, кейінгі қола мен ерте темір дәуірі мәдениеттері арасындағы өзара сабақтастықты білдіреді. Сонымен қатар ол орталығы Ертіс өңірінде болған далалық өркениеттің қалыптасуының ерте кезеңдерімен байланысты. Сабақтастықты осы археологиялық мөлтек аудандағы кейінгі қола дәуірінің басқа да ескерткіштерінде, ондаған қоныстар мен Семиярск қонысында жүргізілген зерттеулер нәтижелері растайды.Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7
Әдебиеттер Бейсенов А.З., Варфоломеев В.В., Мерц В.К., Мерц И.В. Раскопки могильника Караоба в 2013 г. // Диалог культур Евразии в археологии Казахстана: сб. научн. ст., посвящ. 90-летию со дня рождения выдающегося археолога К.А. Акишева. – Астана: ЕНУ им. Л.Н. Гумилева; изд-во «Сарыарка», 2014. – С. 173–186. Мерц В.К. Новые материалы по энеолиту и ранней бронзе северо-восточного Казахстана // Новые исследования по археологии Казахстана: тр. научн.-практ. конф. Маргулановские чтения-2004. – Алматы, 2004. – С. 165–169. Мерц В.К. Археологические исследования в Бескарагае // Алтай в системе металлургических провинций бронзового века: сб. научн. ст. – Барнаул, 2006. – С. 73–82. Мерц В.К. Археологическое изучение Северо-Восточного Казахстана за 20 лет независимости // Свидетели тысячелетий: археологическая наука Казахстана за 20 лет (1991–2011): сб. научн. ст. – Алматы, 2011. – С. 386–407. Мерц В.К. Бегазинский комплекс из Караобы (Семипалатинское Прииртышье) // Бегазы-дандыбаевская культура степной Евразии: сб. научн. ст., посвящ. 65-летию Ж. Курманкулова. – Алматы, 2013. – С. 270–282.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Абай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері