Уикипедия тереңдігі () — Instagram-дағы аккаунт, онда Уикипедиядан алынған оғаш, аз белгілі және қызықты деректер жарияланады. Аккаунтты 2020 жылы америкалық колумнист және редактор Энни Рауэрда құрды. Онда Уикипедияның әртүрлі мақалаларынан юморлық немесе абсурд тақырыптардағы үзінділер бар.
Тарихы Энни Рауэрда Мичиган университетінде неврология мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі бар журналист, 2020 жылдың сәуірінде Instagram-да «Depths of Wikipedia» аккаунтын құрды. Ағылшынша Уикипедиядан алынған оғаш, таңғаларлық және қызықты деректермен достарымен бөліскісі келді. Эннидің айтуынша, аккаунт идеясына досының журналы үшін жасаған Уикипедия мақалаларынан алынған үзінділер коллажы және Уикипедиядағы сиырды аудару туралы мақаланың фотосуреті шабыт берген. Аккаунтты құрғанға дейін де Уикипедияға қызығушылық танытқан, бала кезінде оны оқуға уақытын арнаған, кейінірек орта және жоғары сыныпта уикижарыстарға қатысқан.
нобай|219x219 нүкте|Сиырды аудару туралы мақаладан алынған бұл сурет «Depths of Wikipedia» жобасын құруға шабыт көзі болды.
Аккаунттың алғашқы жазылушыларын жинауға Instagram-инфлюэнсер Кэролайн Кэллоуэйдің репосттары көмектесті, Уикипедиядағы өзіне қатысты мақала төңірегіндегі жанжалға байланысты Depths of Wikipedia аккаунтының жазбаларын жариялаған.
Instagram-дағы аккаунты алғашқы жазылушыларын жинағаннан кейін, Рауэрда TikTok пен Twitter-де дәл сондай атаудағы аккаунттар құрды, Уикипедияның әдеттен тыс беттері туралы толығырақ жазылған e-mail таралымын іске қосты.
Белсенділігі «Уикипедияның тереңдігінде» жарылатын шалбар, ядролық Ганди, өте үлкен тақтадағы шахмат және жыныстық тұрғыдан белсенді Рим папалары сияқты тақырыптардағы мақалалар ұсынылған.
Рауэрданың айтуынша, аккаунт жазылушыларынан Уикипедия мақалаларына сілтемелерді жиі алады, бірақ олардың қайсысын жариялау керектігін өте таңдап қарайды. 2021 жылдың қазан айында жарияламас бұрын күн сайын «30-дан 50-ге дейін мақаланы» тексеретінін айтты.
Эннидің өзі де Уикипедия редакторы. Жаңа қатысушыларға арналған уики-марафондар ұйымдастырды. Құрамында Уикипедия мақалаларының мазмұны туралы әзілдер болған тірі комедиялық шоуларға қатысты.
Қабылдау нобай|208x208 нүкте|Уикипедия бетіндегі иығын көтеріп тұрған фотосын қайталап, «Shrug Guy» 2006 жылғы иығын көтерген фотосын 2022 жылы Бостонда өткен Уикипедия тереңдігі көрмесінде қайта жасады. «Уикипедияның тереңдігі» аккаунтының танымал жазылушылары — Нил Гейман, Джон Майер, Трой Сиван және Оливия Уайлд.
Канзас штаты университетінің риторика профессоры Хизер Вудстың айтуынша, «Уикипедияның тереңдігі» «интернетті кішірейткендей сезім тудырады», «интернет мәдениетіне тартымды, кейде күлкілі түрде тартымсыз кіру нүктелерін ұсынады». Уикипедияны қаржыландырып, орналастыратын Уикимедиа қорының бренд-директоры Закари МакКьюн бұл аккаунтты «Уикипедияның ең жақсы бөлігі бойынша сабақтан тыс экскурсия сияқты, Уикипедияның жанданып кеткен жері» деп атады.
Энни Рауэрда жыл сайын өтетін Жыл Уикимедиашысы марапатында 2022 жылғы Жылдың медиа салымшысы номинациясында жеңімпаз атанды.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Уикипедия тарихы Санат:Уикипедияшылар Санат:АҚШ инстаблоггерлері Санат:Инстаблоггерлер Санат:Уикипедия