Сұңғат Қуатұлы Есімханов (30 қараша 1973, Павлодар облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2026 жылдан бергі Әділет партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты. Бұрын Есімханов Самұрық-Энерго АҚ басқарма төрағасы, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы болатын.
Жастығы және білімі Есімханов 1973 жылы 30 қарашада Павлодар облысы, Май ауданы, Қызыл-Құрама ауылында дүниеге келді.
1996 жылы Есімханов С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады.
2007 жылы ол Болашақ институты «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.
Мансабы Еңбек жолын Есімханов 1996 жылы «Қазақстан алюминийі» Акционерлік қоғамында инженер, экономист-нормалаушы, екінші санатты экономист болып бастады.
2001–2003 жылдары ол Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы, департамент директорының орынбасары;
2003–2004 жылдары ол Астана қаласы бойынша Қорытынды талдау және үйлестіру департаментінің өңірлік бөлімшелер қызметін үйлестіру, Әкімшілік және аумақтық жұмыс департаментінің аумақтық, кадр жұмысы және мемлекеттік тілді дамыту мен аудармалар басқармаларының бастығы;
2004–2007 жылдары ол Маңғыстау және Қарағанды облыстары бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің департамент директоры;
2007–2008 жылдары Есімханов «Игілік групп-ХХI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы директоры;
2008 жылы ол «Қаныш Сәтбаев атындағы арна» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары:
2008 жылы ол Павлодар облысы әкімінің қаулысымен Павлодар облысы бойынша Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2010–2014 жылдары Есімханов «Қазақэнергоэкспертиза» АҚ президенті болды.
2014 жылғы тамызда ол Энергетика министрлігінің жаңадан пайда болған Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне төраға болып тағайындалды.
3 айдан кейін Үкімет қаулысымен ол лауазымынан босатылып, Энергетика министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2020 жылғы 4 ақпанда Үкімет қаулысымен лауазымынан босатылып, келесі күні ол Павлодар облысы әкімінің қаулысымен Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2021 жылы лауазымынан босатылып, Самұрық-Қазына АҚ Басқармасының шешімімен Самұрық-Энерго АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. 2022 жылғы 23 маусымда өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
8 күннен кейін Үкімет қаулысымен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне екінші рет төраға болып тағайындалды.
2023 жылғы 19 желтоқсанда Үкімет қаулысымен лауазымынан босатылып, Энергетика министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2026 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде Әбдікешов Әділет партиялық тізімі арқылы 2026 жылғы 28 тамызда Қазақстан Құрылтайының депутаты атанады.
Отбасы Есімханов үйленген, 4 баласы бар.
Марапаттары 2005 жылы Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалімен марапатталды. 2011 жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен марапатталды.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Қазақстан энергетиктері Санат:Қазақстан кәсіпкерлері Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Павлодар мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары