«Юра кезеңінің саябағы» және кейін «Юра кезеңінің әлемі» — динозаврларды клондау арқылы тірілтіп, пайда табу мақсатымен сауық-сайран саябағын құру талпыныстарын суреттейтін шығармалар тобы. Бұл медиафраншиза Майкл Крайтонның 1990 жылы жарияланған сол аттас романы мен Стивен Спилбергтің 1993 жылы шыққан фильмі негізінде пайда болды.

Крайтонның «Ғайып болған әлем» атты екінші романы 1995 жылы басылып, оның негізінде фильмнің жалғасы 1997 жылы шығады. Кейінгі фильмдер Крайтонның қатысуынсыз түсіріледі, ал Спилберг үшінші фильмнен бастап тек продюсерлік қызметті атқаруға көшеді.

Бүгінгі күнге медиафраншизаға жеті фильм, мультсериалдар, видео-ойындар, аттракциондар және т.б. кіреді.

«Юра кезеңінің әлемі» ең табысты фильмдер сериясының бірі болып келеді. 2022 жылға қарай франшиза фильмдері жалпы есеппен 6 миллиард доллардан астам табыс әкелді.

Фильмдер Фильм аты Шықты Режиссёр Сценаристер Сюжет Юра кезеңінің саябағы 11.06.1993 Стивен Спилберг Дэвид Кепп пен Майкл Крайтон Юра кезеңінің саябағы: Ғайып болған әлем 23.05.1997 Дэвид Кепп Юра кезеңінің саябағы III 18.07.2001 Джо Джонстон Джим Тейлор, Питер Бачман, Александр Пэйн Юра кезеңінің әлемі 12.06.2015 Колин Треворроу Рик Джаффа және Аманда Сильвер, Дерек Коннолли, Колин Треворроу Рик Джаффа, Аманда Сильвер Юра кезеңінің әлемі 2 22.06.2018 Хуан Антонио Байона Дерек Коннолли, Колин Треворроу Юра кезеңінің әлемі: Басымдық 10.06.2022 Колин Треворроу Колин Треворроу, Эмили Кармайкл Дерек Коннолли, Колин Треворроу Юра кезеңінің әлемі: Қайта жандану 02.07.2025 Гарет Эдвардс Дэвид Кепп Аттракциондар

Дереккөздер

Санат:Медиа франшизалар