thumb|right|200px|Мүсінші Пигмалион және оның тірілген мүсіні Галатея (Аньоло Бронзино) Пигмалион эффектісі () — айырықша психологиялық құбылыс болып, мәлім аймақтағы жоғары үміттенулер (expectations) өнімділікті арттыруға жетелейді. Бұл эффект өзі жасаған және кейін тірілген керемет әдемі мүсінге қатты ғашық болған мүсінші Пигмалион туралы грек мифінің құрметіне аталған. Психологтар Роберт Розентал мен Ленор Джейкобсон өздерінің «Аудиториядағы Пигмалион» (Pygmalion in the Classroom) кітабында ұсынатын идеясы: "мұғалімнің өз оқушысынан үміттенуі оның үлгеріміне ықпал етеді". Розентал мен Джейкобсон бойынша, жоғары үміттену жоғары өнімділікке ұласады, ал төмен үміттену нашарластырады, ал бұл екеуі де өздік-орындау (self-fulfilling) көрегендігін туғызады екен.
Пигмалион эффектісіне сәйкес, үміттену нысандары пациенске оң белгілерді ішкілендіріп (internalize) дарытады, ал бұл оң белгілерге ие болғандар сәйкесінше табысқа жету ықтималдығы артады; ал төмен үміттену жағдайында ұқсас процесс қарама-қарсы бағытта жұмыс істеп, пациенсті кері кетіреді. Пигмалион эффектісінің өзекті идеясы - көшбасшының, немесе ұстаздың (агенс) ізбасардан, немесе үйренушіден (пациенс) үміт күтуі пациенстің өнімділігін жақсартуға әкеледі деген ереже.
Әлеуметтануда бұл әсер оқыту мен әлеуметтік сыныптарға қатысты жиі айтылады. Пигмалион әсері әлеуметтік психологтар арасында даулы болып келеді, кейбір зерттеушілер күшті, статистикалық маңызды әсердің бастапқы тұжырымдамасын эксперимент барысында қайталай алмады. Бұл Пигмалион эффектісіне кері әсер ететін басқа да факторлар бар дегенді білдірсе керек. Яғни адамды табысқа жеткізетін эффектілер күрделі, әрі сан қилы, ал Пигмалион эффектісі соның маңызды біреуі.
Дереккөздер
Санат:Әлеуметтік психология Санат:Сыңаржақтылықтар Санат:Педагогикалық психология Санат:Педагогика