Төлекова Мереке Көкенқызы (27 Мамыр 1955 жылы туған, Қарағанды қаласы) – тарих ғылымының докторы (2003), профессор (2008).
Қысқаша өмірбаяны:
1976 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1981 жылдан осы оқу орнында доцент, профессор қызметтерін атқарады.
«Жетісу өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы (1897–1999)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер: