Сілеті меңгірі – Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері Ерейментау ауданы, Майлан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан.
Сипаты 2006 жылы Көкшетау университетінің археологиялық экспедициясының барлау тобы ашып зерттеген (В.В. Варфоломеев). Биіктігі 0,85 м, ені 0,65 м, қалыңдығы 0,1-0,15 м болатын гранитті мүсін. Жалпақ тегіс қырымен шығысқа қаратылған. Меңгірдің шығысында 3х4 көлемді, сопақша пішінді гранит тастардан қаланған қоршау бар.Қазақстан Республикасының Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Ақмола облысы. 1-шығарылым. Ерейментау ауданы. – Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Акмолинская область. Вып. 1. Ерейментауский район. – Астана, 2018. – 256 с. – Қазақша, орысша. ISBN 978-601-7812-42-3
Дереккөздер
Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Ақмола облысы Санат:Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері