Константин базиликасы — Трирдегі Рим базиликасы, бастапқыда кеңес залы ретінде қызмет етті. Оны I Константин, шамамен 310 жылы, тақ бөлмесі ретінде салған. Интерьер мәрмәрмен, тауашалардағы мүсіндермен, сыланған кірпішпен безендірілген және жылытылған. Орта ғасырларда базилика архиепископтың резиденциясы болды. 17 ғасырда зал сайлаушылар сарайының құрамына кіргізілді. 1856 жылы базилика Евангелиялық шіркеуге берілді, содан бері сол жерде қызмет көрсетілді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ғимарат өрттен қатты зақымданып, кейін қайта қалпына келтірілді.
нобай|left|Базилика қасбеті нобай|left|Базиликаның ішкі көрінісі Ішінің ұзындығы 67 метр, ені 27,2 метр, биіктігі 33 метр, қабырғаларының қалыңдығы 2,7 метрге дейін жетеді. Константин базиликасы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысаны болып табылады.
Тағы қараңыз Константин Колоссы Максенций базиликасы