Ақбай — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы құдық.
Атаудың сөзжасамдық мағынасы Атау аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Ақ (сын есім) және бай (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Татар гидронимиясын зерттеген Ф.Г.Гарипова бай — «өзен, құрғақ арна», ал Орталық Азия топонимиясында «құрғақ арна», «сусыз аңғар» мағынасында қолданылады деп көрсетеді. Сонда атаудың мағынасы «ұсақ, ақ шағыл тасты сусыз арнаның табанынан қазылған құдық» мәнін білдіреді.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан құдықтары Санат:Маңғыстау ауданы географиясы