2025 жылғы Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасы — УЕФА ұйымдастырған клубтық футзал турнирінің финалдық кезеңі. Бұл жарыс 2024/25 маусымының қорытындысы ретінде өтті және тарихта алғаш рет Францияда ұйымдастырылды. Финалдық кезең Ле-Ман қаласындағы Antarès аренасында өтті.
2025 жылы Пальма тарих жасап, УЕФА клубтық футзал жарыстары тарихында қатарынан үш маусым жеңіске жеткен алғашқы команда атанды. Бұған дейін Пальма 2022/23 және 2023/24 маусымдарында да чемпиондыққа жетіп, өзінің алғашқы екі қатысуында-ақ Еуропаның басты трофейін иеленген болатын.
Бұл жетістік арқылы команда кез келген форматтағы УЕФА клубтық футзал турнирінде қатарынан үш рет жеңіске жеткен алғашқы ұжым болды.
Бұрынғы УЕФА Футзал кубогын қатарынан екі маусымда ұтып алған тек екі команда ғана болған: Playas de Castellón (2001/02 және 2002/03) Интер (2016/17 және 2017/18)
2018 жылдан бастап турнир атауы УЕФА футзал чемпиондар лигасы болып өзгергеннен кейін ешбір команда титулын қорғап қала алмаған еді — тек Пальма бұл жетістікке 2023/24 маусымында жетті.
+2024/25 маусымындағы УЕФА футзал чемпиондар лигасы үшін қауымдастықтардың рейтингі№ҚауымдастықКоэфф.Командалар№ҚауымдастықКоэфф.Командалар№ҚауымдастықКоэфф.Командалар12697.0162201635.528381128.38522547.1590211609.649391090.5913 (TH)2494.4222221568.922401066.24642344.3952231521.865411031.00652035.784241514.719421011.43262010.1472251451.51243916.85571977.359261442.54744830.00781945.646271387.40245809.65091924.716281327.701146794.1081101891.854291306.735147787.508111877.471301264.44448762.906121845.0591311204.18349755.050131819.600321199.22550717.420141815.227331195.790——151814.563341177.965——161804.533351173.463NR—171759.326361164.389——181740.688371131.406DNE—191637.739 Ескертпелер:
TH – Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы жеңімпазы ретінде қосымша квота. NR – Рейтингі жоқ (ұлттық құраманың соңғы 36 айда белсенді болмауы себебінен). DNE – Қатыспайды (Did Not Enter).
Қазақстан клубтары Футзалдан 2025 жылғы УЕФА Чепмиондар лигасына барлығы 56 команда қатысты. 2023 жылдың сәуіріндегі рейтинг бойынша Еуропадағы ең үздік 4 ұлттық ассоциациядан екі команда қатысады (Қазақстан, Португалия, Испания және Хорватия). Өткен маусымның жеңімпазы мен аталған елдің 8 командасы негізгі раундқа қатысатын 24 команданың тізіміне бірден кірді. Қалған 32 команда бірінші раундтан бастады.
Қазақстан атынан алматылық Қайрат пен семейлік Семей футзал клубтары қатысады. Қазақстан командалары бірден негізгі раундтан бастады. +Іріктеу себеттеріСебет №КомандаларТүсініктемеСебет 10 Пальма Спортинг-Андерлехт
Қайрат
ПриштинаАлаң иелеріСебет 11 Рекорд
Семей
Юнайтед ГалацСебет 4Себет 12 Халадаш Пльзень Хит Динамо ЗагребСебет 3Себет 13 Олмиссум Добовец Себет 2Себет 14 Спортинг Картахена БрагаСебет 1 Іріктеу нәтижесінде екі қазақстандық клуб бір топқа түсті. +Топ 4 Команда Спортинг Қайрат ХаладашСемей Ереже: Төрт топтың ішінен ең үздік үш команда элиталық раундқа жолдама алады.
Турнир кестесі
Бірінші және негізгі раунд жеребесі: 4 шілде Бірінші раунд: 20-25 тамыз Негізгі раунд: 22-27 қазан Элиталық раунд жеребесі: 31 қазан Элиталық раунд: 26 қараша - 1 желтоқсан Финал жеребесі: анықталады Финал: 2025 жылғы мамыр
Футзалдан УЕФА ТОП-10 клубтары:
1. "Спортинг" (Португалия) - 68 168 балл; 2. "Пальма" (Испания) - 64 500; 3. "Картахена" (Испания) - 34 500; 4. "Андерлехт" (Бельгия) - 24 000; 5. "Кайрат" (Қазақстан) - 20 333; 6. "Олмиссум" (Хорватия) - 15 500; 7. "Добовец" (Словения) - 14 000; 8. "Халадаш" (Венгрия) - 13 000; 9. "Пльзень" (Чехия) - 11 000; 10. "Хит" (Укрина") - 11 000; ...17. "Семей" (Казақстан) - 8 000.
финалға қатысушылар Пальма іріктеу кезеңін сенімді түрде өтіп, жарыстағы жеңіліссіз сериясын 22 матчқа жеткізді — бұл жаңа рекорд болды.
Финалдық кезеңге төмендегі төрт команда өтті: Пальма Картахена — дебютант Қайрат Алматы — 21-ші маусымдағы қатысуы Спортинг — тарихтағы 12-ші финалдық турнир
Жартылай финал
3-орын
Финал
Жеке жетістіктер Антонио Вадильо — жарысты үш рет жеңіп, Хесус Веласконың рекордын қайталады және бір клубпен қатарынан үш рет чемпион болған алғашқы жаттықтырушы атанды. Қақпашылар Луан Мюллер мен Карлос Баррон, сондай-ақ Марио Ривильос Palma құрамындағы барлық үш жеңіске қатысқан. Марио Ривильос бұған дейін Inter FS құрамында (2016/17) жеңіске жеткен болатын және Габриэль, Серхио Лозано және Ортис секілді төрт мәрте финал жеңімпазы болған ойыншылар қатарына қосылды.
Illes Balears Palma қатарынан үш маусым жеңіске жетіп, УЕФА футзал тарихындағы ең табысты клубтардың біріне айналды. Бұл жетістік клубты футзал тарихындағы жаңа дәуірдің символына айналдырды.
Финалдық кезеңнің үздік мергендері
4 — Фабиньо (''Пальма'') 2 — Алиссон (''Қайрат'') 2 — Хесус Гордильо (''Пальма'') 2 — Габриэл Мотта (''Картахена'') 2 — Марио Ривильос (''Пальма'')
Маусымның үздік мергендері
13 — Фабиньо (''Пальма'') 13 — Микеле Подда (''Катания'') 12 — Суфиян Эль Месрар (''Этуаль Лаваллуаз'') 10 — Дедезиньо (''Семей'') 9 — Таулант Исмаили (''Форца'')
Сілтемелер UEFA ресми сайты UEFA.com жаңалықтар бөлімі Қайрат футзал клубының ресми сайты
Дереккөздер
Санат:Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы Санат:2024 жылғы мини-футбол Санат:2025 жылғы мини-футбол