Теріс – Аса өзенінің алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысы Жуалы ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 485 км².
Бастауы солға|сүрмесіз|290x290 нүкте Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайынан алып, оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа қарай бұрала ағып, Теріс-Ащыбұлақ бөгеніне құяды. Бөгеннен өткен соң, Күркіреусу өзенімен қосылып, Аса өзені басталады. Өзеннің 20 км-ден астам екі саласы және оншақты ұсақ салалары бар. Қар, жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Аңғары жоғары ағысында 60-110 м, жазықта 300-450 м. Өзен егістікті суаруға пайдаланылады. Жағалауы шабындық.Тараз энциклопедиясы Теріс өзенінің бұрынғы атауы - Мыңбұлақ болған. Ол жөнінде 630 жылдар шамасында Қытай жиһангері Сюань-Цзяньнан жазған сапарнама баян етеді. Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Cілтемелер
Топографиялық карта
Санат:Жуалы ауданы өзендері Санат:Талас су алабы