Кіші асар қалашығы (б.д. VІ-ІХ) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері Сырдария ауданы, Шаған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5,3 км жерде орналасқан.
Сипаты Ескерткішті 2006 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) ашып, зерттеген. Қалашық жоспарында дөңгелек пішінді. Ең биік солтүстік-шығыс бөлігі (3 м-ге жуық) диаметрі 30 м дөңгелек төбе түрінде болып келген. Төбенің жалпы диаметрі 85-90 м, кіреберіс қақпасы шығыс жағында орналасқан. Қалашықты қоршап жатқан ордың ені 20-25 м, тереңдігі 0,5 м. Екінші қақпасы оңтүстік жағында болуы мүмкін. Қалашықтың үстінде қыш ыдыс сынықтары сирек кездеседі. Ескерткіш Шығыс асар қалашықтарының тобына жатады.Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5
Дереккөздер
Санат:Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан көне қалалары Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері