Маржинализм — экономикалық теория. М. шекті өнімділік, шекті шығын, шекті пайдалылық табыстылықтың кему заңдарын, сұраныс пен ұсыныс заңдарын басшылыққа алады. 1870 — 80 ж. тарихи экон. ілімде “маржиналистік төңкеріс” дәуірі деп аталады. Шекті, маржиналдық тәсілді Австрия мектебінің негізін қалаушылар: К.Менгер (1840 — 1921), Ф.Визер (1851 — 1926), О.Бәм-Баверк (1851 — 1919) игіліктердің пайдалылығын зерттеуде тұңғыш рет қолданды. Жаңа класс. теорияны жасаушылар шекті талдауды тауар, көрсетілетін қызмет бағасының құралуын, бәсекелі рыноктегі өндіріс факторларын зерделеу үшін пайдаланды. Мұндағы өзекті мәселе — кемел бәсеке экономикасының тепе-теңдігін сақтау идеясы. Экономиканы сипаттауға микроэкон. көзқарас осы теорияның айрықша белгісі болып табылады. М. теориясында құндылықтың субъективтік сияқты ұғымдарғa негізделеді, шекті пайдалылықтың, өнімділіктің теориясы, шекті пайдалылық теориясы, жарасымды экономикалық теория, т.б. тұжырымдалады.

Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том Сілтемелер