Қарақыстақ қалашығы (VIII-XII ғғ.) – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері Тұрар Рысқұлов ауданы, Тасшолақ ауылынан оңтүстікке қарай 11,7 км қашықтықта, Қарақыстақ өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Зерттелуі, сипаты Мекенжұртты 2011 жылы ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С. Пәрменқұл, Ш. Құдабаев) зерттеген, құралмен жоспарын түсіріп, координаттарын алған. Төбе пішіні төртбұрышты, оңтүстіктен солтүстік бағытында созылыңқы болып салынған, өлшемі – 180х100 м, биіктігі – 3,5-4 м. Төбе екі бөліктен, оңтүстік бөлігі қорған-қамалдан және солтүстік бөлігі дөңгелек пішінді болып келген жапсарласа салынған алаңнан тұрады. Қамалдың төрт бұрышында мұнара орындары сақталған, биіктігі – 4 м. Қамалға кіретін қақпа орны солтүстікте сақталған. Қазіргі таңда төбенің солтүстік бөлігінде қабірлер орнатылған. Төбенің шығыс және оңтүстігінде пішіні төртбұрышты болып келген тұрғын үй қалдықтары мен қоршаулар көптеп кездеседі. Төбеден алынған қыш бұйымдар: қолдан жасалған сырсыз қыш ыдыстар.Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы. Тұрар Рысқұлов ауданы. – Алматы, 2011. 268 б. ISBN 978-601-7253-10-3

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан көне қалалары Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері