Руслан Қалдыбайұлы Қошқарбаев (2 тамыз 1990, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы) — виза эксперті, саяхатшы, халықаралық дәрежедегі гид-нұсқаушы, кәсіпкер.

Қазір “RK Travel.kz” туристік-визалық орталығының директоры.

Өмірбаяны 2008 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің География факультетінің “Туризм” мамандығына оқуға түсіп, 2012 жылы бітіреді.

2011 және 2019 жылдары Америка Құрама Штатының, Нью-Йорк қаласында студенттік бағдарламамен Ағылшын тілін жетік меңгеру курсын тәмәмдады.

2013 жылы “SCAT” әуекомпаниясына Бортсерік (Бортпрвродник) қызметіне жұмысқа тұрды. 1 жылдан соң “SCAT” әуекомпанияның шетелдік чартерлік “SUNDAY” брендімен көптеген шет елдерге туристерді жеткізу қызметін атқарды«Туризм – Қазақстанды әлемге танытатын ұлттық бренд болуы тиіс».

2015 жылы “Аға бортсерік” лауазымында болып, 2019 жылы “SCAT” әуекомпаниясындағы жұмысын аяқтады.

2020 жылдың қазан айынан бастап түрлі туристік-визалық орталықтарда жұмыс атқарды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін “RK Travel.kz” туристік-визалық орталығын ашып, өзінің жеке компаниясына басшылық жасап келеді.

2023 жылдан бері Қазақстан Туристік Ассоцияцияның мүшесі.

2023 жылы Халықаралық «Туризм және Саяхат» конференциясының қатысушысы сертификатының иегері.

Жеке өмірі Үйленген, 2 қыздың әкесі.

Дереккөздер