(147) Протогенея — Негізгі белдеуде айналып жатқан ірі астероид.

Оны 1875 жылы 10 шілдеде Липот Шульгоф Вена обсерваториясында ашты. Оның жалғыз ашқан астероиды болды.

Грекшеден «тұңғышы» деп аударылатын атауды Аустрия астрономы Карл Людвиг Литров ұсынды. Ол әріптесінің басқа жетістіктеріне қарап, астероидтарды ашуда алғашқы қадамын жасағанын осылай құптаған.

thumb|450px|center|Күн жүйесіндегі орны

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (101—200) Санат:Астероидтар