нобай|Лагранж нүктелері жасылмен белгіленген нобай|Күн–Жер жүйесінің Лагранж нүктелері Лагранж нүктелері — аспан механикасында екі зор дененің гравитациялық өрістерінде пайда болатын тепе-теңдік нүктелері. Онда анағұрлым кіші үшінші дене үшін тартылыс күші мен центрден тепкіш күш көрсеткіштерінің қосындысы нөлге тең болады, яғни сол үшінші дене ондай нүктелерде ешқайда қозғалып кетпей қалқи алады.
1772 жылы Жозеф Луи Лагранж үш дене туралы есепке арналған еңбегінде ондай жалпы 5 нүкте болатынын көрсетті. Олар осы ғалымның атымен аталатын болды.
L1, L2 және L3 нүктелері коллинеарлы деп аталады, себебі олар екі үлкен денені қосатын сызықтың бойында орналасады. L4 пен L5 үшбұрышты нүктелер деп аталады, себебі олар екі денені қосатын дұрыс үшбұрыштың үшінші төбесінде орналасады. Соңғы екеуін кейде троян нүктелері деп те атайды — бұл ғарыштағы троян астероидтарының шоғырлану аймағы болуына байланысты.
Лагранж нүктелері көп жағдайда жасанды серіктердің орналасу аймағы ретінде қарастырылады, себебі бұл жағдайда отын қатты үнемделеді. Мысалы, Күн–Жер жүйесінің L1 нүктесіне қарай көбінесе Күнді зерттейтін аппараттар ұшырылады. Ал аса күшті Джеймс Уэбб ғарыш телескобы Жер көлеңкесінде болған L2 нүктесінде орналасады.
Жалпы, Күн–Жер жүйесінде Лагранж нүктелері келесі координаттарға ие: L1 = (1,48104 ⋅ 1011; 0) м; L2 = (1,51092 ⋅ 1011; 0) м; L3 = (−1,49598 ⋅ 1011; 0) м; L4 = (7,47985 ⋅ 1010; 1,29556 ⋅ 1011) м; L5 = (7,47985 ⋅ 1010; −1,29556 ⋅ 1011) м.
Жердің алғашқы ашылған троян астероиды 2010 TK7 L4 аймағында ұшады.
Күн–Юпитер жүйесінде ондай троян астероидтарының саны бірнеше мыңға жетеді.
Дереккөздер
Тағы қараңыз
Лагранж функциясы Гравитация
Санат:Аспан механикасы Санат:Астродинамика