2025 жылғы 14 желтоқсанда Сиднейдегі Бондай жағажайында Ханука мерекесін атап өту кезінде екі террорист мерекеге қатысушыларға оқ атты. Салдарынан 15 адам қаза тапты.
Алғышарттар Оқиға Хануканың алғашқы түні болды. Сол маңда «Теңіз жағасындағы Ханука» атты қоғамдық іс-шара өткізу жоспарланған еді.http://www.reuters.com/world/asia-pacific/australia-police-responding-after-gunshots-reported-bondi-beach-2025-12-14/
Шабуыл Күннің соңына қарай Кэмпбелл-Парад ауданында бірнеше оқ дауысы естіліп, бұл бас сауғалап, тығылатын жер іздеген бейбіт тұрғындар арасында жаппай дүрбелең туғызды. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полициясы оқиғаға жедел әрекет етіп, жағдай анықталғанға дейін азаматтарды бұл аумақтан аулақ болуға және паналауға шақырды. Оқиғаға қатысты бейнежазбаларда қара киім киген екі адамның, хабарламаларға сәйкес, дробовикпен адамдар тобына оқ атқаны көрінеді.Israeli citizen among 16 victims killed alongside one gunman in Bondi Beach terror attack, with at least 29 injured and two police officers shot during Hanukkah celebration |... Бұл атыс 1996 жылғы Порт-Артурдағы жаппай қырғыннан бері Аустралиядағы ең қанды оқиға болды.
Қылмыскерлердің бірін жергілікті жеміс дүкенінің иесі, 43 жастағы Ахмед аль Ахмед қарусыздандырды.
Тергеу Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полициясы екі адамды қамауға алды, ал тағы бір шабуылдаушы полициямен атыс кезінде қаза тапты.http://www.abc.net.au/news/2025-12-14/shooter-at-nsw-bondi-beach-sydney-eastern-suburbs/106141572
Құрбандар Соңғы деректер бойынша қаза тапқандар саны 15 адамды құрайды, олардың арасында балалар да бар. Қаза болғандар қатарында хабад қозғалысының раввиндері Эли Шлангер және Яков Левитан болды.
Қылмыскерлер Сидней полициясы қаруланған екі шабуылдаушының болғанын растады. Олардың бірі оқиға орнында полиция қызметкерлері тарапынан атып өлтірілді, екіншісі жараланып, ұсталды. Олар әке мен бала болып шықты: 50 жастағы әкесі қаза тапты, ал оның 24 жастағы ұлы Навид Акрам, Пәкістан азаматы, ауруханаға жеткізілді.
Дереккөздер
Сілтемелер Сиднейде Ханука мерекесі кезінде теракт болды, қаза тапқандар бар
Санат:Аустралиядағы антисемитизм Санат:Аустралияда жасалған террористік актілер Санат:Еврейлерге қарсы террористік актілер Санат:2025 жылдағы Аустралия Санат:Террорлық акт