Сигма-еркек (сигма, грек әліпбиіндегі Σ әрпінен) — қоғамнан тәуелсіз, жалғыз жүретін ер адамдарды сипаттау үшін қолданылатын интернет-мем және интернет-сленг термині.

«Сигма-еркек» ұғымы кейбір жануарлар қауымдастықтарындағы иерархияны адам қоғамына көшіру теориясымен байланысты. Бұл теория маносфера деп аталатын ортада бір кезеңде кең таралған. 2020-жылдары термин кеңінен танылып, толыққанды интернет-мемге айналды.

«Сигма-еркек» ұғымы танымал тұлғаларды мадақтау немесе әсірелеу мақсатында қолданылуына байланысты жиі әжуаға айналады.

Сигма-еркекке мысал ретінде Патрик Бэйтманды («Американдық психопат» кітабы мен сол аттас фильмнің кейіпкері), Томас Шелбиді, Тайлер Дёрденді, Джон Уикті және Райан Гослинг сомдаған кейіпкерлерді атайды.

Терминнің пайда болуы Ерлер иерархиясы теориясы Альфа және бета ер адамдар теориясының кең таралуына альт-райт қозғалысының өкілі Вокс Дэй ықпал етті. Ол сипаттаған иерархияда альфа мен бетадан бөлек басқа да архетиптер болды: Гамма-еркек — интроверт-зияткер, иерархияда альфа мен бетадан төмен, бірақ дельтадан жоғары орналасады. Орташа ер адам, салыстырмалы түрде амбициясы төмен. Дельта-еркек — гаммадан төмен тұрған, қарапайым, көзге түсе бермейтін, қоғамда ықпалы жоқ немесе альфалармен байланысы жоқ ер адам. Сигма-еркек — қоршаған ортаның қалыптасқан көзқарастары мен ұстанымдарынан тәуелсіз, үстемдікке немесе көшбасшылыққа ұмтылмайтын және тек өз мүдделерін басшылыққа алатын тұлға.

Бұл теория антиғылыми, мағынасыз және көп жағдайда әйелдерді кемсітетін көзқарастарға негізделген деп сынға алынады.

«Сигма-еркек» ұғымының кең таралуы 2014 жылы Джон Александердің «Сигма-еркек: әйелдер шын мәнінде нені қалайды» атты кітабы жарық көрді, бұл еңбек Twitter әлеуметтік желісінде белсенді түрде насихатталды.

Аталған кітап «сигма-еркек» терминінің кеңінен қолданылуына түрткі болды. 2017–2021 жылдары бұл ұғым YouTube платформасында айтарлықтай танымалдыққа ие болды.

Сын Сигма ретінде көбіне нақты адамдар емес, ойдан шығарылған кейіпкерлер аталғандықтан, бұл термин шынайы өмірге сай келмейтін даралықты, әсіреленген «ерекшелікті» және сыртқы тартымдылықты үлгіге айналдыруды дәріптегені үшін сынға алынады.

Дереккөздер

Санат:Еркек Санат:Маносфера Санат:Интернет-мемдер Санат:Желілік жаргон