Албания-Косово қатынастары — Албания мен ішінара танылған мемлекет Косово Республикасы арасындағы екіжақты дипломатиялық қатынастар. Елдер арасындағы мемлекеттік шекараның ұзындығы 112 км құрайды.
Тарихы 1992 жылы Албания 1991 жылы жарияланған Косово Республикасының тәуелсіздігін мойындау жөнінде парламенті дауыс берген жалғыз мемлекет болды. 1994 жылы Босния соғысындағы оқиғалардың ықпалымен Албания Косово Республикасының тәуелсіздігін мойындауын кері қайтарып, Югославия Одақтас Республикасының аумақтық тұтастығын қолдайтынын мәлімдеді.
1998 жылы Косово соғысы басталды, осыған байланысты Албания үкіметі шекараларды ашу жөнінде шешім қабылдады және ондаған мың косоволық албандар бұл елге босқын ретінде келді. 2008 жылғы 17 ақпанда Косово Республикасының тәуелсіздігі біржақты тәртіппен жарияланды. 2008 жылғы 19 ақпанда Албания Косово Республикасының тәуелсіздігін мойындады.
2015 жылғы сәуірде Албания Министрлер кеңесінің төрағасы Эди Рама Албания мен Косово Республикасының бір мемлекетке бірігуі уақыт мәселесі екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл екі мемлекет Еуропалық одаққа кіргеннен кейін бірігуі ықтимал.
Сауда қатынастары 2015 жылы Косово Республикасы Албанияға 60 млн еуро көлемінде тауар экспорттады, ал Албания Косово Республикасына 200 млн еуро көлемінде тауар жеткізді. 2015 жылы мемлекеттер арасындағы тауар айналымы оң динамика көрсетіп, алдыңғы есептік кезеңмен салыстырғанда 20 млн еуроға өсті.
Дереккөздер
Санат:Албания екіжақты қатынастары Санат:Косово екіжақты қатынастары