I Мұхаммед Рахым хан (1775–1825) — 1806–1825 жылдары билік құрған, Хиуа хандығындағы қоңыраттар әулетінен шыққан төртінші билеуші.Веселовский Н. И., Очерк историко-географических сведений о Хивинском ханстве. Спб, 1877, с.244
1806 жылы 1804–1806 жылдары билік еткен Елтүзер ханның қаза болуынан кейін Хиуа хандығының тағына оның інісі I Мұхаммед Рахым хан отырды.
Ішкі саясаты I Мұхаммед Рахым хан мемлекеттілікті нығайту және дамыту мақсатында елде бірқатар маңызды реформалар жүргізді. Ел басқаруын жетілдіру үшін хан ордасында жоғарғы кеңес құрылып, хан оның пікірін ескеріп отырды. Салық жүйесіне жаңа реформа жасалып, кеден ісі ретке келтірілді. I Мұхаммед-Рахым хан қоңырат әулетінен шыққан билеушілердің ішінде алғаш болып күміс және алтын теңгелер соқтырды.
I Мұхаммед Рахым хан тұсында мемлекеттің орталықтануы күшейді. Ол Хиуаның айналасындағы жерлерді «жинау» жолындағы күресті аяқтады. 1808–1809 жылдары човдурларға қарсы жорық жасалды. 1811 жылы Арал маңындағы тайпалар толық бағындырылды. 1812–1813 жылдары Сырдарияның төменгі ағысындағы қазақтар бағындырылды. 1820-жылдары Мерв аймағы қарауына өтті.
I Мұхаммед Рахым хан ел экономикасын қалпына келтіру саясатын жалғастырды. Оның билігі кезеңінде Хорезмде ірі ирригациялық жұмыстар жүргізілді.
Сыртқы саясаты I Мұхаммед Рахым ханның билігі кезінде Ресеймен, Осман империясымен және Ауғанстанмен дипломатиялық қатынастар сақталды.
Ауғанстанмен қарым-қатынастар ерекше достық сипатта болды, себебі белгілі бір уақыт аралығында Хиуада ауған билеушісі Мұхаммед шах (1809–1818) жер аударылып өмір сүрді. Кейін ол қайтадан Ауғанстанның билеушісі болып, хорезмдік көпестерге ел аумағында кедергісіз сауда жүргізуге мүмкіндік берді.История народов Узбекистан. Т.2. Ташкент, 1947, с.175
1819–1820 жылдары Хиуада ресейлік елші Н. Муравьёв (1794–1866) болды. Ол өзінің сапары туралы еңбек жазып, деректерінде Хиуа хандығы халқының саны шамамен үш жүз мың адам болғанын көрсетеді. Негізгі халықты өзбектер мен түрікмендер құрады.История Узбекистана в источниках. Составитель Б. В. Лунин. Ташкент, 1988, с.178,182,190
1820 жылы Хиуаға А.Ф. Негри бастаған ресейлік дипломатиялық миссия келді.
Мәдениет саласындағы саясаты I Мұхаммед Рахым хан ана тілі өзбек тілінен бөлек парсы және араб тілдерін меңгерген. Ол ғылым мен өнердің қамқоршысы болды. Оның билігі кезеңінде Хиуада Құтлық Мұрад инақ медресесі, Бағбанлы мешіті және өзге де құрылыстар салынды.
1815 жылы I Мұхаммед Рахым ханның бұйрығымен күміспен қапталып, баспа өрнекпен безендірілген жаңа тақ жасалды. Қазіргі уақытта бұл тақ Мәскеудегі музейлердің бірінде сақтаулы.
Осы кезеңде хиуалық тарихшы Мунис Хорезми Хорезмнің жалпы тарихын құрастырумен белсенді түрде айналысты. I Мұхаммед Рахым хан қайтыс болғаннан кейін Хорезмдегі билік оның ұлы Аллақұл ханға (1825–1842) өтті.
thumb|I Мұхаммед-Рахым ханның қабірі Пахлаван Махмуд кесенесі кешенінде орналасқан.
Әдебиет Гулямов Я. Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957 История Узбекистана. Т.3. Т.,1993. История народов Узбекистан. Т.2. Ташкент, 1947 История Узбекистана в источниках. Составитель Б. В. Лунин. Ташкент, 1988 История Хорезма. Под редакцией И. М. Муминова. Ташкент. 1976.
Дереккөздер
Санат:Хиуада таққа отырғандар Санат:Хиуада қайтыс болғандар Санат:Хорезм билеушілері Санат:Қоңырат әулеті Санат:Өзбекстан тарихы