Чарлз Тайсон Йеркс (25.06.1837 — 29.12.1905) — америкалық қаржыгер, Чикаго мен Лондонның қоғамдық көлік жүйелерін дамытуға үлкен үлес қосқан.
Ірі кәсіпкерлікпен айналысуда зор табыстарға жетіп, сонымен қатар заңсыз әрекеттері үшін бірнеше рет сотталып, түрмеге түскен болатын.
Оның өмірі Теодор Драйзердің Қаржыгер романына және соны жалғастырған тағы екі кітапқа негіз болған (қ. Құштарлық трилогиясы).
1890-шы жылдары ол Чикаго университетіне демеушілік көрсетіп, $500 мыңға жаңа обсерватория салдырады. Кейін обсерватория оның атымен аталып кетеді.
1900-шы жылдары ол Лондон метрополитенінің жаңа бағыттарын салдыруға бел буады. Алайда олардың ашылуына дейін бір-екі жыл жетпей, ол қайтыс болады.
1935 жылы Айдың көрінетін жағындағы бір кратерге оның есімі берілді.
Дереккөздер
Санат:АҚШ кәсіпкерлері