(31) Евфросина — Негізгі белдеудегі жетінші ең ірі астероид.
Алайда оған дейін ашылған барлық астероидтардан көмескілеу болып келеді. Ірілігіне қарамастан оны дүрбімен бақылауға болмайды.
Оны 1854 жылы 1 қыркүйекте Джеймс Фергюсон Вашингтонда ашты. Бұл оның үш ашқан астероидтың біріншісі. Сондай-ақ Солтүстік Америка аумағынан ашылған алғашқы астероид болды.
Ежелгі грек мифологиясындағы шаттықты бейнелейтін үш хаританың бірі атымен аталды.
thumb|450px|center|Күн жүйесіндегі орны thumb|450px|center|Эклиптикадан ауытқуы
Серігі 2019 жылдың наурызында бұның серігі бар екені анықталды. Ол астероидтан 672±12 шақырым қашықтықта айналады, ал өз өлшемдері шамамен 4 шақырымды құрайды.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (1—100) Санат:Астероидтар