2026 жылғы 3 қаңтарда Америка Құрама Штаттары Венесуэланың солтүстігіндегі бірқатар нысанға, соның ішінде астанасы Каракасқа да әуе соққыларын жасады. Бұл оқиға аймақтағы жалғасып жатқан қақтығыстың айтарлықтай ушығуы ретінде бағаланды.
Венесуэла стандартты уақытымен сағат 5:21-де АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында Венесуэла президенті Николас Мадуроның ұсталып, елден әкетілгенін мәлімдеді.
Алғышарттар Жарылыстар Венесуэла мен Америка Құрама Штаттары арасындағы шиеленіс күшейген кезеңде орын алды. Оларға дейін Operation Southern Spear атты операция жүргізілді. Бұл — АҚШ-тың SOUTHCOM қолбасшылығы жетекшілік еткен, роботтандырылған жүйелер мен автономды қарулармен жабдықталған кемелердің гибридті флотын пайдаланған операциясы болып, Латын Америкасындағы есірткі тасымалын анықтау және оған қарсы күресуге бағытталды. Операцияның негізгі нысанасы Венесуэла аумағындағы «Күндер картелі» желілері болды. Аталған операция барысында АҚШ Кариб теңізінде Венесуэла тарапынан қорғалады деп мәлімделген және есірткі тасымалымен айналысады деп айыпталған кемелерге әуеден соққылар жасай бастады.
Жарылыстар Түнгі шамамен сағат 02:00-де кемінде жеті жарылыс тіркеліп, төмен биіктікте ұшқан әуе кемелері байқалды. Жарылыстар негізінен Ла-Гуайра, Игуэроте, Месета-де-Мамо, Барута, Эль-Атильо, Чараллаве және Кармен-де-Урия аудандарында болған; бұл елді мекендердің басым бөлігі Каракас астанасының ішінде немесе оған жақын орналасқан. Жарылыстардың көпшілігі байланыс антенналары мен белсенді әскери базаларға бағытталғаны хабарланды. Алғашқы мәліметтер бойынша, жарылыстар Генералиссимус Франсиско де Миранда әуе базасы мен Форт-Тиуна аумағынан шыққан болуы мүмкін деп болжанды — бұл аймақта орналасқан екі әскери нысан. Сонымен қатар, Игуэроте әуежайында да ірі жарылыстар тіркелгені хабарланды.
Associated Press агенттігінің мәліметінше, әуе соққылары шамамен жарты сағатқа созылған. Каракастағы әскери базалардың біріндегі ангардан түтін шықққаны байқалды, ал басқа бір нысан электр қуатынсыз қалған.
Мадуроны ұстау нобай|оңға|USS Iwo Jima кемесіндегі ұсталған Николас Мадуро, Атлант мұхиты, 2026 жылғы 3 қаңтар
Венесуэла уақытымен сағат 5:21-де Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Николас Мадуро мен әйелі Силия Флорестің ұсталғанын және АҚШ-қа жеткізіліп жатқанын жариялады. Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың айтуынша, Мадуро тұтқындалды және АҚШ-та қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Венесуэла вице-президенті Делси Родригес Мадуро мен Флорестің жоғалып кеткенін растады және мемлекеттік теледидарда «тірі екенінің растауын» талап етті. Трамп өзінің Truth Social аккаунтында Мадуроның USS Iwo Jima кемесінде түскен суретін жариялады. Reuters дереккөздерінің мәліметінше Родригес 3 қаңтарда Ресейде болған, алайда кейінгі жаңалықтар Родригестің Каракаста екенін хабарлаған.
Өлімдер Венесуэланың қорғаныс министрі Владимир Падрино Лопес америкалық жауынгер тікұшақтар қала учаскелеріне зымырандар атқанын айтты. Падрино Лопес қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны туралы ақпараттың жиналып жатқанын хабарлады. Венесуэланың Бас прокуроры Тарық Уильям Сааб «бұл қылмыстық террористік шабуылдан кінәсіз адамдар жарақат алды, басқалар қаза да тапты» деп хабарлады. Трамп Fox News арнасындағы сұхбатында америкалық сарбаздардың қаза таппағанын, бірақ тікұшағы соққыға жығылған кезде кейбіреулерінің жарақат алғанын айтты.
Реакция Ресей мен Иран үкіметтері шабуылды сынға алды. Еуропа кеңесі, оның мүше-мемлекеттері, Украина мен Біріккен Ұлттар Ұйымы іс-әрекеттердің халықаралық заңға сәйкес өткенін талап етті.
Дереккөздер
Санат:2026 жылдағы АҚШ Санат:2026 жылдағы Венесуэла Санат:2026 жылғы қақтығыстар Санат:Дональд Трамптың екінші президенттігі