Сарыжылға – Сырдария алабындағы Құркелестің оң саласы.
Географиялық орны Түркістан облысы Келес ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 103 км.
Бастауы Сарыжылға Қоржынтаудың солтүстік-батысындағы қырат бұлақтарынан басталып, Құмқұдық елді мекені тұсында Құркелеске құяды.
Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Қар, жер асты суымен қоректенеді. Көктемде ағынды болып, жазда иірімдерге бөлінеді. Жылдық орташа су шығыны сағасында 0,88 м3/с. Суы шаруашылық қажетіне пайдаланылады.Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Келес ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы