Ескендір Ибрагимұлы Батқаев (8.10.1948 жылы туған, Шымкент қаласы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1999), профессор (2000).
Қазақ химия-технология институтын бітірген (1972), мамандығы: электротермиялық өндірістер технологиясы. 1973 – 1975 жылы осы институтта аспирант; 1976 – 1983 жылы бейорганикалық заттар технологиясы кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің үрдістер мен аппараттар технология кафедрасының профессоры (2000), кафедра меңгерушісі (2001).
Ғылыми бағыты: хлор-булы жоғары температуралық үрдістер термодинамикасы, механизмі, кинетикасы және минералды, техногендік шикізаттарды кешенді пайдалану.
Ғылыми еңбектерінің жалпы саны – 150, оның ішінде 1 монография, патенттер мен өнертабыстар – 16.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясыҚазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:8 қазанда туғандарСанат:1948 жылы туғандар Санат:Шымкентте туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлары Санат:Қазақстан механиктері