Абдаллаһ ибн Абд әр-Рашид (Абдаллаһ ибн Лутфаллаһ ибн Абд әр-Рашид; лақап аты: Хафиз-и-Абру) (туған жылы белгісіз, Герат – 1430/1451) — тарихшы, Хамаданда білім алған. Шаһруһ пен Ұлықбек сарайында жүріп, Мауераннахр, Иран мен оған көршілес елдердің тарихы, географиясы жайында бірқатар еңбектер жазған.
4 томнан тұратын «Зубдәт ат-тауарих» («Тарихтар қаймағы») және Әбу Жафар Мұхаммед ат-Табари, Рашид әд-Дин, Низам әд-Дин Шами еңбектеріне сүйеніп жазылған «Мәджмуйе» («Жинақ») аталатын тарихи шығармаларында алғашқы Темір әулеті билеушілері, қыпшақтардың саяси тарихы, орналасуы жөнінде құнды мәліметтер берілген.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Гератта туғандар Санат:Тарихшылар Санат:Географтар