Құралай Бимолдақызы Күдеринова — филология ғылымының докторы (2006), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1970 жылы 12 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында туған.
ҚазМУ-ды (1992, қазіргі Қазақ ұлттық университеті, 2005 жылы Тіл білімі институтының докторантурасын бітірген. 1992-95 жылдары Ақтөбе облысындағы Айшуақ орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1995 жылдан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтында бөлім меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері "Қазақ жазуының онтогенездік дамуы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 15 томдық "Қазақ əдеби тілі сөздігінің" авторы жəне 12 томының шығарушы редакторы. 70-тен астам ғылыми еңбектің, 3 монографияның авторы.
Марапаты Түркі халықтарының ішінде тұңғыш рет жарық көрген 15 томдық қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігі авторларының және жауапты редакторларының бірі болып еңбек еткені үшін "Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" медалінің иегері (2008).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. Басшылық.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар