Фарида Ғазизқызы Әлжанова (7 маусым 1967, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы) — экономика ғылымының докторы (2007).
Еңбек жолдары Ресейдегі Ростов мемлекеттік университетін бітірген (1989). 1989-94 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы-ның Өндірістік күштерді зерттеу кеңесінде еңбек етті. 1994 жылдан Экономика Институтында бөлім меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері "Қазақстанда технологиялар нарығының қалыптасуы мен дамуы: институттары, тетіктері жəне болашағы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты: инновациялық-технологиялық дамуды болжау, ұлттық технологиялар нарығы стратегиясы, технологиялар нарығын дамыту жəне қалыптастыру мəселелері. 7 оқулық, оқу құралының авторы.
Марапаты Ш.Уəлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (2006).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме https://ieconom.kz/category/bizdi-adamdar/ https://ecokazwest.kz/users/662656ed9702909967407522
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары